Image
Басқарма төрағасы

Ізтелеуов Санжар Бейсенбайұлы

1992 - 2001 жылдар аралығында коммерциялық және халықаралық ұйымдарда түрлі қызметтер атқарды.

2003 - 2005 жылдары ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Экономикалық саясат және индикативті жоспарлау департаменті макроэкономикалық болжау басқармасының басшысы болды.

2005 - 2006 жылдары - «ҚазТрансГаз Дистрибьюшн» АҚ Келісімшарттық мониторинг және клиринг департаменті директорының орынбасары. 2006 жылдан бастап - «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ басқарушы директоры - инфрақұрылымдық жобалар дирекциясының басшысы. 2011 - 2012 жылдары - «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары.

2013 жылғы шілдеден бастап «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарды. 2014 жылғы мамырда Басқарма төрағасының міндетін атқарушы болып тағайындалды, 2015 жылғы қаңтар мен 2017 жылғы сәуір аралығында Басқарма төрағасы болды. 

2017 жылғы қазаннан 2019 жылғы шілдеге дейін «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарды, стратегиялық даму, инвестиция және жобаларды басқару, бюджеттік жоспарлау және бухгалтерлік есеп мәселелеріне жетекшілік етті.

Директорлар кеңесінің шешімі негізінде (2019 жылғы 29 шілдедегі №7 хаттама) «Алматы қаласын дамыту орталығы» АҚ Басқарма төрағасы – Басқарма мүшесі.