Ойнаров Азамат Рысқұлұлы
«Қолданбалы математика» мамандығы бойынша Новосибирск мемлекеттік университетін бітірген; Қазақ мемлекеттік заң академиясын, «Заңгер» мамандығы.
«Ақпараттық технологиялар» мамандығы бойынша техникалық ғылымдар кандидаты дәрежесі бар, экономика кафедрасының ассоцияланған профессоры (доцент).
1992-1994 жылдары Қазақстан Республикасы Экономика министрлігі Экономикалық зерттеулер институтының ғылыми қызметкері болды.
1994-1996 жылдары аралығында Мемлекеттік экспорт-импорт банкінде және «Алматы сауда-қаржы банкі» ЖАҚ-да маман болып жұмыс істеді.
1997-1998 жылдары «Цеснабанк» АҚ басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарды.
1998-1999 жылдары Қазақстан Республикасы Экономикалық жоспарлау агенттігі төрағасының орынбасары қызметін атқарды.
1999-2001 жылдары - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің бөлім меңгерушісі болды.
2001-2003 жылдары Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау агенттігі төрағасының орынбасары қызметін атқарды.
2003-2006 жылдары - Қазақстан Республикасы Қаржы вице-министрі.
2007-2009 жылдары - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің экономика және қаржы жөніндегі орынбасары.
2010-2013 жылдар аралығында «TAСК Холдингінің» қаржы директоры қызметін атқарды.
2014-2019 жылдары «Қазақстан МЖӘ орталығы» АҚ басқарма төрағасы қызметін атқарды.
2020 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының шақырылған лекторы.
2022 жылдың 15 тамызынан бастап «Алматы қаласын дамыту орталығы» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі болып сайланды.