Таджияков Ғалымжан Бисенғалиұлы
Ғалымжан Бисенғалиұлы 1982 жылы 19 маусымда Ақтөбе қаласында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік басқару академиясын (2003) және Дарем университетінің бизнес мектебін (2008) бітірген.
Еңбек жолын 2002 жылы «ABN AMRO Қазақстан Банкі» АҚ корпоративтік клиенттермен жұмыс менеджері ретінде бастады.
2005-2007 жылдары - «Каспий Банк» АҚ Қаржы институттары басқармасының бастығы.
2008-2010 жылдары - Корпоративтік директор, «HSBC Қазақстан Банкі» АҚ мұнай-газ секторы басшысының міндетін атқарушы.
Одан кейінгі жылдары «Ситибанк Қазақстан» АҚ Кіші вице-президенті (2010-2012), Еуразиялық даму банкінің басқарушы директоры (2012-2016), «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ жобалар және корпоративтік қаржыландыру жөніндегі басқарушы директор (2016-2018) қызметтерін атқарған.
2018 жылы «Бәйтерек» холдингі басқарма төрағасының орынбасары болды.
2019-2022 жылдары «Қазақстан Ұлттық Банкі» АҚ «Ұлттық инвестициялық корпорация» АҚ Басқарма төрағасы, Директорлар кеңесінің мүшесі болды.
2022 жылдың 14 қазанында «Алматы қаласын дамыту орталығы» АҚ Директорлар кеңесінің тәуелсіз директоры болып сайланды.