Мемлекеттік сатып алу
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік сатып алу электрондық мемлекеттік сатып алу арқылы жүзеге асырылады. Осыған байланысты, мемлекеттік сатып алу туралы барлық ақпарат https://www.goszakup.gov.kz/kz/ мемлекеттік сатып алу веб-порталында орналастырылады.
Жүйе мемлекеттік сатып алу саласындағы электрондық қызметтерге қол жеткізудің бірыңғай нүктесін ұсынады және мемлекеттік сатып алуға тапсырыс беруші, ұйымдастырушы және жеткізуші ретінде Интернет желісіне қосылған кез келген компьютерден қатысуға мүмкіндік береді.