Image
Жалғыз акционердің өкілі

Қоңырбаев Баян Қайратұлы

«Байланыс және басқарудың ғарыштық жүйелері» мамандығы бойынша Алматы энергетика және байланыс университетінің түлегі, «Экономика» мамандығы бойынша екінші жоғары білімін Қазақ экономикалық университетінде алған. Индустриялық инженерия саласында магистр дәрежесін Цинхуа университетінде, қолданбалы бизнес-зерттеу саласында магистр және іскерлік басқару докторы (DBA) дәрежелерін Швейцария бизнес мектебінде қорғаған. Колумбия университеті мен Массачусетс технологиялық институтымен бірлескен Эмеритус институтының «Цифрлық бизнес» мамандығы бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі дипломын алған.

Негізгі еңбек жолын 2011 жылы шетелде бастаған, қытайлық және америкалық компанияларда 7 жылдан астам жұмыс істеген. «Аеонмед» компаниясында инженер-әзірлеушіден бастап HY/Tencent AI Lab корпорациясында сыртқы даму жөніндегі департамент басшысының орынбасарына дейін қызмет атқарған. Қазақстанға оралған соң және мемлекеттік қызметке орналасқанға дейін «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-да сату Департаментінің бас менеджері және бизнес трансформациялау Департаментінің директоры қызметтерін атқарған.

2019 жылдың қыркүйегінен 2023 жылдың тамызына дейін Алматы қаласының цифрландыру Басқармасының басшысы болған.
2023 жылдың тамызынан 2024 жылдың қыркүйегіне дейін «Цифрлық сауда дәлізі» АҚ-ның технологиялар Бас директоры.
2024 жылдың қыркүйегінен 2025 жылдың сәуіріне дейін «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Басқарма төрағасы.
2022 жылдың 28 ақпанынан бастап «Алматы қаласын дамыту орталығы» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі болып сайланған.