Біз туралы
«Алматы қаласын дамыту орталығы» акционерлік қоғамы Алматы қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 30 мамырдағы № 2/31 қаулысының негізінде жарғылық капиталға мемлекеттің 100% қатысуымен құрылды.
Алматы қаласын дамыту орталығының басты мақсаты - әлемдік тәжірибені ескере отырып, Алматы қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпал ету.
Қоғамның қызметі келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
- қаланың өмірлік маңызды әрекеттерінің көрсеткіштерін мониторингілеу және талдау;
- жергілікті атқарушы органдардың қала тұрғындарымен өзара іс-қимыл жүйесін дамыту;
- инвестициялық жобалардың және мемлекеттік-жеке меншік әріптестіктің бизнес-жоспарларының экономикалық сараптамасы.
Қаланың тыныс-тіршілігі көрсеткіштеріне мониторинг жүргізу және талдау
«Алматы қаласын дамыту орталығы» АҚ Алматы қаласы әкімдігінің қызметіне ақпараттық-талдамалық қолдау көрсетіп, Алматы қаласының жұмыс көрсеткіштерін бақылау және талдау, басқару шешімдерін қабылдау үшін ақпараттық, аналитикалық және әдістемелік базаны қалыптастыру арқылы қамтамасыз етеді.
Қаланың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің тұрақты мониторингі жүзеге асырылады, бұл қала экономикасының жекелеген бағыттарының ағымдағы жағдайы, әлеуметтік даму, экология және абаттандыру, инфрақұрылым мен қауіпсіздік туралы аналитикалық есептер дайындауға мүмкіндік береді.
Қаланың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерін бақылау үшін құрылған платформаның - Ахуал орталығының негізін құрайтын заманауи ақпараттық технологиялар қолданылады.
Ахуалдық орталық - Алматы қаласының дамуы мен өмір индикаторларын бақылауға арналған автоматтандырылған ақпараттық-талдау жүйесі. Жүйе ақпараттарды нақты уақытта алуға мүмкіндік беретін қалалық және республикалық мәліметтер базасымен және ақпараттық жүйелермен интеграцияланған. Алматы қаласының тыныс-тіршілігінің әртүрлі салалары бойынша индикаторларды қадағалау үшін оған жаңа модульдер қосу арқылы Ахуалдық орталықты дамыту тұрақты негізде жүзеге асырылады. Бүгінгі күні Ахуалдық орталыққа қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуының 1000-нан астам индикаторы бойынша ақпарат келіп түседі және өңделеді, олар салалық блоктарға топтастырылған: экономика, әлеуметтік даму, экология және абаттандыру, инфрақұрылым, қауіпсіздік және т.б.
Алматы қаласының дамыту орталығы сондай – ақ «Алматы-2050» Стратегиясын іске асыру мәселелері бойынша Алматы қаласы әкімі жанындағы Іскерлік кеңестің қызметіне ұйымдастырушылық, талдамалық сүйемелдеу және әдіснамалық көмек көрсетуді жүзеге асырады.
Тікелей Алматының даму орталығының қатысуымен Алматының басты стратегиялық бағдарламалық құжаттары әзірленді: Алматы қаласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы, «Алматы-2020» Даму бағдарламасы, «Алматы-2050» Даму стратегиясы.
Жергілікті атқарушы органдардың қала тұрғындарымен өзара әрекеттестігі жүйесін дамыту
Қол жетімді форматтағы қала тұрғындарымен өзара әрекеттестікті Алматы қаласы тұрғындарының өтініштерін қабылдайтын және тіркейтін байланыс орталығы болып табылатын «Open Almaty» қамтамасыз етеді. Бұл бағыттың негізгі міндеттері - қала тұрғындарының жергілікті атқарушы органдармен өзара әрекеттесуі үшін кедергісіз және жайлы жағдайларды қамтамасыз ететін реттелмейтін өмірлік жағдайларды шешу.
Сұранымдарды қабылдау 4 байланыс арнасы арқылы жүзеге асырылады: байланыс орталығы 1308, фронт-офис, портал және әлеуметтік желідегі аккаунттар (Instagram, Facebook, Twitter), 2017 жылдан бастап 2022 жылғы 1 шілдеге дейін 1 096 508 қоңырау өңделді (2023 жылғы 01.07 мәлімет бойынша).
Open Almaty халықаралық конкурстар мен форумдардың қатысушысы, номинанты және жеңімпазы: «Сіз өмір сүргіңіз келетін қала», «Оңтүстік-Шығыс Еуропа елдерінің арасындағы қалалардың болашағы», «Тұтынушы тәжірибесін ең жақсы трансформациялау».
Инвестициялық жобалар мен мемлекеттік-жекешелік әріптестік бизнес-жоспарларының экономикалық сараптамасы
Алматы қаласын дамыту орталығы жекеше әріптесті айқындау жөніндегі тікелей келіссөздер кезінде мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің жергілікті жобаларының конкурстық құжаттамасына, мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің жергілікті жобаларының бизнес-жоспарларына экономикалық сараптама жүргізеді, сондай-ақ жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық және қаржылық-экономикалық негіздемесіне экономикалық сараптама жүргізеді, Алматы қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 03 қыркүйектегі №3/759 2015 жылғы 25 желтоқсандағы №4/668 2018 жылғы 2 мамырдағы № 2/177 қаулысына сәйкес қаржы-экономикалық мәселелер бойынша талдау жүргізеді
2017 жылдан бастап 2023 жылдың 30 маусым дейінгі кезеңде 134 сараптама жүргізілді, оның ішінде 109 қаржылық-экономикалық негіздеме сараптамасы және мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобаларына 25 сараптама.