2017 жылғы 3 қарашада Алматы қаласы әкімдігінің «OpenAlmaty» қоғамдық қабылдау бөлмесінде »Алматы қаласын дамыту орталығы» АҚ қолдауымен халықпен және сарапшылар қоғамдастығымен »Алматы қаласын көгалдандыру тұжырымдамасы» тақырыбында кездесу өткізілді.
Жоба Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасымен (бұдан әрі - ТРжТПРБ) әзірленеді. Кездесуге »Алматыгипрогор - 1 жобалау институты» ЖШС мердігерлік ұйымының басшысы А. О. Сатыбалдиев, табиғатты пайдалану, ландшафтық дизайн, қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ БАҚ қатысты.
Өз сөзінде »Алматыгипрогор - 1 жобалау институты» ЖШС мердігерлік ұйымының басшысы А. О. Сатыбалдиев, бүгінгі таңда жасыл желектердің нақты саны 1 адамға шаққанда 3 ш.м. құрайтынын атап өтті. Осыған байланысты теңгерімсіздік байқалады және қаланы көгалдандыру қажеттілігі туындайды. Тұжырымдаманың негізгі мақсаты - жалпы пайдаланудағы жасыл желектердің деңгейін 1 адамға шаққанда 13 шаршы метрге дейін жеткізу болып табылады. Сондай-ақ, жеке құрылыс санының өсуіне байланысты су қорғау аймақтарын қорғауды күшейту және жағалауларды жайғастыруда халықаралық тәжірибені қолдануды талап етіледі.
Тұжырымдаманы әзірлеу барысында, қала аумағын топырақтық аймақтарға бөлу, гидрологиялық жағдайлар, тұқымдардың алуан түрлілігі және Алматы қаласының әр түрлі аудандарын салу жағдайлары ескеріледі. Қалада жасыл желектерді жіктеу жүргізіледі. Алматы қаласының шарттарына бейімдей отырып, жасыл желектерді күтіп ұстау мен қорғау Типтік ережелеріне, қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру ережелеріне өзгерістер енгізу қажеттілігі атап өтілді.
Тұжырымдама жобасының міндеті Алматы қаласын көгалдандыру үшін аумақтарды аймақтарға бөлу, ағаштар мен басқа да жасыл желектер тұқымдарының құрамы мен тізбесін анықтау жөніндегі әдістемелер мен ұсынымдарды айқындау болып табылады.
Кездесу барысында, Алматы қаласының жасыл желектерінің санитарлық жағдайы, аудандар бойынша статистикалық мәліметтер, сондай-ақ, өсімдіктердің әртүрлі ауруларын ескере отырып, қаланың жасыл желектерінің жағдайын жақсарту бойынша ұсыныстар берілді.
«Жасыл құрылысты дамытудың басым бағыттарының тақырыптары, атап айтқанда, аумақтарды белгіленген шекараларға сәйкес келтірудің проблемалық мәселелері, сондай-ақ жасыл құрылысты дамытудың қажетті шарттарының бірі жасыл желектерге түгендеу жүргізу, объектілердің нысаналы мақсатына сәйкестігін анықтау, олардың санитарлық жағдайын жақсарту жөніндегі шараларды есепке алу және болжау болып табылады. Аумақтарды дамытудың тетіктері мен құралдары, атап айтқанда, Жасыл құрылысты институционалдық басқару, қаржылық және экономикалық тетіктер, сондай-ақ, нормативтік құқықтық базаны жетілдіру бойынша блок сипатталған«, - деп Жұмыс тобының мүшесі В. В. Мешков кездесуде мәлімдеді.
Сондай-ақ, ол, Жұмыс тобының нормативтік-құқықтық базаға талдау жүргізгенін атап өтті, оның барысында, төмендегідей әртүрлі әдістемелерді, ережелерді және ұсыныстарды әзірлеу қажеттілігі анықталды.:
- Көгалдандыру үшін учаскелерді таңдау әдістемесі
- Қаланың қоғамдық кеңістіктерін жобалау әдістемесі
- Отырғызу материалын таңдау ережесі
- Ағаштар мен бұталарды отырғызу ережесі
- Жасыл желектерді және т.б. күту ережелері
«Алматы қаласын көгалдандыру тұжырымдамасы» жобасын талқылау жөніндегі келесі кездесу қараша айының соңында өтеді.