Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде »Алматы қаласын дамыту орталығы» АҚ Басқарма төрайымы Жанна Төлегенова орталықтың қызметі мен Алматы қаласын Дамыту бағыттары туралы айтып өтті.
Жанна Төлегенова Smart Almaty бағытындағы жұмыс нәтижелерімен бөлісті. Өз сөзінде, ол жобаларды енгізудегі қала тұрғындарының маңызды рөлін ерекше атап өтті. »Қала тұрғындарының қолдауы - реформалардың табысқа жетуінің және жақсартуға бағытталған кез келген өзгерістердің негізгі факторы. Біз өз қызметімізде биліктің ашықтығы, Күшті бизнес және қала тұрғындарының белсенді қатысу негізгі қағидатын басшылыққа аламыз«.
«Қауіпсіз қала» бағыты бойынша тұжырымдамаға сәйкес, Алматыда »Жол қозғалысының қауіпсіздігі» автоматтандырылған жүйесі жұмыс істеп тұр. Камера бұзушылықтарды тіркейді, айыппұл тәртіп бұзушының тұрғылықты мекен-жайы бойыншасы жіберіледі, бұл сыбайлас жемқорлық факторын төмендетуге септігін тигізетін, полиция қызметкерлерімен байланысты шектейді. Ж. Төлегенованың айтуынша, бұл жүйемен 104 қиылыс (640-ға жуық камера) жабдықталған. 2012 жылдан бастап ЖҚҚ ААЖ 28,6 млрд. теңге соманы қамтыған 2 млн. жол қозғалысы ережесін бұзуды тіркеді. Ж. Төлегенова атап өткендей, енгізудің алғашқы жылында айыппұлдардың жиналуы 30% - ға жуық, ал екі жыл ішінде 60% - ға дейін өсті. Жүйенің қамту аумағын қаланың қосымша 152 қиылысына кеңейту жоспарлануда (944 камера).
Жолдардағы қауіпсіздікті қамтамасыз етумен қатар, қоғамдық орындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізілуде. 2017 жылы азаматтардың жаппай жиналатын орындарында бейнемониторинг жүйесі үшін қосымша 1 000 камера орнату және ІІД жедел басқару кіретін ахуалдық орталығын жаңғырту жоспарлануда.
Өз баяндамасында Жанна Төлегенова »Ақылды көлік«, атап айтқанда »ОҢАЙ» электронды билет жүйесін енгізу мәселелеріне ерекше назар аударды. Оның айтуынша, бір жыл ішінде картаны 1 млн-нан астам қала тұрғыны пайдалана бастады, 8,3 млрд теңгеден астам сомаға 144 млн-ға жуық транзакция жасалды.
Сонымен қатар, біржолғы төлем енгізілді, карта балансын интернет және СМС арқылы толықтыру қарастырылған, жолақыны СМС арқылы төлеу жүзеге асырылуда.
«Көліктік төлем картасының арқасында бюджетті жоспарлау үшін деректер алу мүмкіндігі тек тасымалдаушыларға ғана емес, сонымен қатар, қала тұрғындарының отбасылық бюджеттерді жоспарлауға мүмкіндік береді«,— деп атап өтті Ж. Төлегенова.
Сонымен қатар, Алматы көлік холдингінде , маршруттағы автобустардың нақты санын қадағалап отыруға және ЖЖЕ бұзу туралы есептеме жасауға мүмкіндік беретін Ахуалдық орталық жұмыс істейді.
Көлік реформасы шеңберінде Алматыда қоғамдық көлік үшін бөлінген жолақтар енгізілген,онда бақылау жүйесіне пилоттық тестілеу жүргізіледі. Қазан айының 3 аптасы ішінде ғана 4 қиылыстарында орын алған (Абай—Байтұрсынов, Райымбек—Өтеген батыр, Абай—Саин, Абай—Розыбакиев) 250 млн теңгеден астам сомаға 24 мыңнан астам бұзушылық тіркелді.
АДО Басқарма Төрағасы өз сөзінде ақылы автотұрақтардың сәтті іске қосылғанын атап өтті. Бүгінде жүйе жоспарланған тұрақ орындарының 5% - ын қамтиды. 4 ай ішінде 20 млн теңге сомасын құрайтын 250 мың төлем өндірілді. Салыстырма үшін, дәстүрлі автотұрақтар (2,5 мың тұрақ орны) 2015 жылы бюджетке 50 млн теңге ғана әкелді. 2016 жылдың соңына дейін 56 көше-жол тұрақтарын және 10 тұрақ алаңдарын (5 000 тұрақ орнына дейін) іске қосу жоспарлануда.
ТКШ саласында Long Range Wireless Area Network (LoRaWan) технологиясы бойынша әзірленген жаңа буынның ақылды есептеуіштерінің жобасы пилоттық түрде іске қосылады. Бұл жоба, деректерді сымсыз беру есебінен су, электр және жылу ресурстарын есептеу құралдарының көрсеткіштер жинағын автоматтандыруға мүмкіндік береді. »Жаңа буын желісі қазіргі қолданыстағы түрлерінен 10 есе арзан«, - деп қорытындылады Ж. В. Төлегенова. Қазір инвестордың қаражаты есебінен 4 таратушы станция орнатылды (Көк Төбе, Әл-Фараби-Розыбакиев, Момышұлы – Ақан Сары, Алматы 1). »Жыл соңына дейін бүкіл қаланы желімен қамту жоспарланған«, - деп толықтырды ол.
Сонымен қатар, Алматы қаласын дамыту орталығы мемлекеттік қызметтерді жергілікті деңгейде ұсыну мониторингі бойынша үлкен жұмыс жүргізуде. Осы жылы сұраныстағы 30 мемлекеттік қызметті жақсарту бойынша жұмыстар жүргізілді. Процедуралардың мерзімі мен саны 1,5 есеге қысқарды,шығындар құны 10%-ға төмендеді. Бұл және басқа да реформалар Қазақстанның Doing Business рейтингісінде 16 позицияға көтерілуіне мүмкіндік берді.