Инновациялар орын алады: инновацияларды дамыту орталығының директорымен сұхбат

17.01.2017

жайлаубай

 

Инновация дегеніміз не? Инноватор болу үшін қайда жүгінуге болады? Қала үшін инновацияның маңызы қандай? Алматы қаласын дамыту орталығы жанындағы инновацияларды дамыту жөніндегі Орталық директоры Нұрлан Жайлаубай өз сұхбатында берген осы типтік сұрақтардың артында, өте қызықты жауаптар жасырылғандай болып көрінді.

- Нұрлан, инновацияны дамыту орталығы немен айналысады?

– Мемлекет басшысы Алматыны инновациялық хабқа айналдыру керек деген міндет қойды. Осы тапсырманы орындау аясында Алматы қаласының әкімі Алматыны Дамыту орталығының инновацияларды дамыту және технологияны коммерцияландыру бойынша өкілеттіктер беру туралы өкім берді. 2016 жылдың сәуір айында Алматы қаласын дамыту орталығының құрамымен Almaty Innovations инновацияларды дамыту орталығының құрылымдық бөлімшесі құрылды.

- Инновациялық хаб дегеніміз не?

- Инновациялық хаб - бұл өз алдына, жас ойшылдарды да, және халықаралық вендерлер мен үлкен ұйымдарды да тарту орталығы. Сол жерде олар өз кәсіпорындарын аша алатындай барлық жағдай жасалуы тиіс. Оның үстіне, Алматы өзінің үлкен әлеуеті, жас кадрлары, өзінің инфрақұрылымымен Орталық Азияның ең инновациялық қалаларының бірі болып табылады.

– Жақын арада, қалыптасқан инновациялық хабты көре аламыз ба?

- Стратегиялық бағдарламаларда инновациялық хабты қалыптастырудың бірінші кезеңін 2025 жылға дейін аяқтау жоспарланып отыр. Оның дамуына, бізден басқа, »Ақпараттық технологиялар паркі» дербес кластерлік қоры, Алматы қаласының әкімдігі және жоғары оқу орындары сияқты ұйымдар жұмылдырылған.

– Осы кезең аяқталғаннан кейін біз не көре аламыз?

- Ағымдағы және болашақ көрсеткіштердің айырмашылығын. Инновациялық кәсіпорындар, венчурлік қорлар, бизнес—періштелер санын.

- Біз инновациялар туралы сөз етеміз, дегенмен, оқырмандарға инновацияның мәні неде екенін түсіну қиын шығар. Егер біреу жоғары ПӘК-ті іштен жанатын қозғалтқыш жасайтын болса, бұл инновация болып есептеле ме, әлде қолданыстағы технологияларды жетілдіру болып табыла ма?

- Инновациялар терминінің бірнеше ойылған түсіндірмелері бар. Бірақ мәні мынада: инновация - бұл нарық сұранысындағы процестер мен өнім тиімділігінің сапалы өсуін қамтамасыз ету жолында ендірілген жаңалық. Мысалы, Қазақстан нарығы үшін кейбір жобалар мен шешімдер инновациялық болуы мүмкін, ал Орталық Азия немесе ТМД нарығында олар әлдеқашан, олай есептелмейді.

Инновацияның негізгі белгісі - бұл нарық қажеттілігі екенін атап өткім келеді.  Біз, өз өнімінің инновациялық мазмұнға ие екеніне сенімді өнім әзірлеушілермен жиі беттесеміз. Иә, шынында да, солай болуы да мүмкін. Бірақ, жоба қызықты болғанымен, нарықта оған сұраныс болмауы мүмкін. Сұрақ туындайды: оны қаржыландыру және дамыту қажет пе?

- Бірақ өнертапқыш бизнес-модель туралы ойлауы керек пе? Өйткені, істің қисыны бойынша коммерциализациялау мәселесі - бұл қандай да бір өнертабысты қайда қолдануға болады деп ой салатын хабтың өзі үшін міндет емес пе?

- Иә, Мен сізбен толық келісемін. Инноватор, әзірлеуші өзінің әзірлеуімен айналысуы тиіс, ал қаржыгерлер қаржылық модельдерді құру, бизнес-жоспарлар жазу және осы жобаларды коммерцияландыруы тиіс. Міне сол себептен әрбір университет пен ҒЗИ жанында өзінің бизнес-инкубаторлары, өз штаты және осы мәселелерге жауап беретін адамдары бар технопарктер бар. Сондай-ақ, Қазақстанда Технологиялық даму жөніндегі Ұлттық агенттік, Қазақстандық инновацияларды дамыту институты, »Ақпараттық технологиялар паркі» дербес-кластерлік қоры сияқты инновациялар саласында бірнеше даму институттары бар. Бұл ұйымдарға өз идеяларымен, жоспарларымен жүгінуге болады, ол жерде олар одан әрі дамуға көмектеседі. Ал Алматы қаласының аясында біздің Орталық осы идеяны қарастыру, инноваторды немесе әзірлеушіні қажетті арнаға бағыттау және сол ұлттық агенттіктердің немесе қазақстандық инновацияларды дамыту институтына бағыттау үшін құрылған.

–  Адам, шын мәнінде, идея тауып, оны прототип түрінде іске асырған гипотетикалық жағдайды қарастыратын болсақ. Ол әрі қарай не істеуі керек? Оған қайда бару керек?

- Мұндай жағдайда олар кеңес алу үшін бізге, инновацияларды дамыту орталығына жүгіне алады. Мұнда біз оларға жобаны одан әрі коммерциализациялауды, өз идеясын қалай жүзеге асыруды, қалай қаржыландырылуды, қандай қолдау құралдары бар екенін, инновациялық қолдау үшін гранттардың қандай түрлері бар екенін айтып береміз. Бұл сұрақтарға біз жауап бере аламыз және осы инноваторлар үшін пайдалы бола аламыз деп ойлаймын.

- Айтпақшы, қаржылық қолдау туралы. Сұхбатқа дайындала отырып, біз инновациялық қызметті көтермелеу бағдарламасы бар екенін білдік. Ол туралы толығырақ айтып берсеңіз.

– Бизнес-2020 Жол картасы аясында, Алматы қаласының Әкімдігі жыл сайынғы негізде, белгілі бір жобалар пулына гранттар бөледі. Грант 3 млн теңгеге дейін берілуі мүмкін. Бұл қолдаудың бір түрі. Сондай-ақ, ДАМУ қорымен бірлесіп, »Алматы Инновация» инновациясын дамыту үшін жаңа бағдарлама іске қосылды. Бағдарлама Алматы қаласы шеңберінде әрекет ететін инновациялық қызмет субъектілеріне 8,5% субсидияланған пайыздық мөлшерлеме бойынша  1 миллиард теңгеге дейін несие бөлуді көздейді. Бұл өз идеясын іске асыру үшін айтарлықтай »арзан» ақша. Бұл қолдау құралы екінші деңгейлі банктер арқылы жүзеге асырылады. Бұл жағдайда жобаларға банктердің өздері талаптар қояды.

– Бұл талаптармен қайда танысуға болады?

- Бағдарламаның өзі осы жылда басталады,ал талаптармен ДАМУ сайтында танысуға болады. Сондай-ақ, бізде жоғарыда аталған Технологиялық даму жөніндегі Ұлттық агенттік жанында мемлекеттік қолдау құралдары бар. Агенттік салаларды дамытуға және жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды дамытуға гранттардың үш түрін ұсынады. Соңғысына келетін болсақ, жоғарыда аталған Қазақстандық инновацияларды дамыту институты қызметкерлердің біліктілігін арттыруға, белгілі бір жабдықты іске қосуға қаражат бөледі. Сондай-ақ, Алматыда стартап-жобаларды акселерациялаумен және оларды коммерцияландыру кезеңінде іске асырумен айналысатын »Инновациялық технологиялар паркі» дербес-кластерлік қоры бар.

- Сіз арқылы қанша жоба »өтті«?

- Бүгінгі таңда біз сәуір айынан бастап 400-ге жуық жобаны өңдедік. Оның ішінде Алматы қаласы аясында одан әрі нығайту мақсатында 130-дан астам жоба іріктелді. Бұл пул қазір әкімдіктің әрбір құрылымдық бөлімшесінде бар және олар өздеріне қандай жобалар қызықты болатынын қарастырады.

– Қандай жоба сіздің есіңізде қалды?

- Біздің орталық Яндекс халықаралық сервисімен келіссөздер жүргізді, оның барысында Алматы қаласында олардың бағдарламасын енгізу жоспарланды. 2016 жылы жазда  АДО мен Яндекс.Такси  арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.

Сондай-ақ біз Убер халықаралық сервисімен тығыз ынтымақтастықта жұмыс істейміз. Алматылықтар уақыт өте келе алға жылжуды жөн көргендіктен, осындай инновациялық жобалар өте оң қабылданды.

Сондай-ақ, болашағынан үміт күттіретін »Шеберхана» жобасы да бар. ҚБТУ тәмәмдаған ынталы жастар энергия тиімді Eco Socket инновациялық тіркемесін әзірледі, ол розеткаға қосу немесе электр қорегі қалқанына орнату арқылы кернеу мөлшерін реттейді және смартфонға орнатылған мобильді қосымша арқылы қуат көзін қосады немесе өшіреді. Жастар бірнеше халықаралық номинацияларда жеңіске жетті, сондай-ақ ЭКСПО-да өнер көрсетуді жоспарлап отыр. Біздің презентациядан кейін Алматы қаласы әкімдігі бұл жобаға қолдау берді және енді таяу уақытта қала кәсіпорындарының біріне, яғни металл өңдеу цехына Eco Socket орнату жоспарланып отыр.

Болашағынан үміт күттіретін жастар туралы тақырыпты жалғастыра отырып, студенттік бағдарлама туралы айтқым келеді. 7 шілдеде өткен Инновациялық Форум аясында МІТ пен ALMAU арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды. Бұл 2017 жылы, жазда іске асырылатын студенттермен алмасу бағдарламасы болады.

- Инновациялық шешімдерді сіз  жиі кімнен аласыз? Ерекше санаттағы азаматтар бар ма, мысалы, студенттер немесе жұмыссыздар?

– Көбінесе бұл жақында университетті бітірген стартап идеялары бар жастар. Бұл қуантарлық. Біз өз құзыретіміз бен мүмкіндіктеріміз шеңберінде барынша қолдау көрсетуге дайынбыз.

Сондай – ақ, Алматы қаласының әкімдігі ОДА алдына міндет қойды - бұл инновациялық қызметті көпшілікке тарату және инновациялық қызмет бойынша халық арасында хабардарлықты арттыру. Осы тапсырма аясында біз төрт үлкен университет базасында бес семинар өткіздік. Бұл ҚазМУ, ҚазҰТУ, АЭжБУ және Нархоз университетінде. Яғни, әлеуетті инноваторлар шығады-ау деген жерде. Біздің басты міндетіміз - Алматы қаласының жоғары оқу орындарымен тығыз ынтымақтастық орнату.

- Біз алдағы 2017 жылдан не күтеміз?

- 2017 жылы біз »Алматы инновациясы» несиелеу бағдарламасын іске асыруды, халық пен инновациялық қызмет субъектілері арасында белсенділікті арттыруды, 130 жоба пулын іске асыруды болжап отырмыз. Олардың ішінде біз 2017 жылы кем дегенде 30 жобаны енгізуді өзімізге міндеттейміз. Сонымен қатар, Алматы-35-ке жуық университеті бар кадрлардың ұстаханасы. Біздің олармен тығыз ынтымақтастығымыз өз жемісін береді деп үміттенеміз.