20.06.2019

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі (ЦДИАӨМ) Асқар Жұмағалиев жұмыс сапарымен Алматы қаласында болды. Жұмыс сапарының негізгі мақсаты қалалық инфрақұрылым мен аэроғарыш саласын цифрландыру объектілерін аралау, сондай-ақ 5G байланыс желісінің мүмкіндіктерін көрсетуге қатысу болды.

Асқар Жұмағалиев Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбекпен бірге «ақылды қала» жобасын іске асыруда бесінші буын желілерін қолданудың техникалық мүмкіндіктерімен танысты. Ұйымдастырушылар мобильді және тіркелген сымсыз кеңжолақты қолжетімділік салаларындағы технология мүмкіндіктерін көрсетті.

«Бесінші буын технологиясы «ақылды» қалаларды құру үшін қажет жаңа мүмкіндіктерді ұсынады. Мысалы, жол қозғалысын басқару, ауарайын және басқа да «smart cities» элементтерін бақылау кезінде интернеттің сапасы мен жылдамдығы өте маңызды. Елімізде 5G технологиясын дамыту «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын іске асыруға да мүмкіндік береді» - деп атап өтті Асқар Жұмағалиев.

Тестілеу барысында аса жоғары жиіліктегі диапазондарда жұмыс істеуге қабілетті құрылғының прототипі ұсынылды. Таныстырылым барысында деректерді жүктеудің ең жоғары өткізу қабілеті бір құрылғыға есептегенде 15 Гбит/с-ті құрады. Мұндай параметрлер жаңа қосымшаларды дамытуға, сондай-ақ инновациялық технологияларды пайдаланудың өнеркәсіптік сценарийлерін енгізуге мүмкіндік береді.

Цифрландыруқазақстандықтардың өмірін жайлы етумен қатар, қаланың инфрақұрылымын дамыту мәселелерін нақты ойластыруға, сондай-ақ бюджет шығыстарын азайтуға септігін тигізуі тиіс. Бұл туралы Министр Алматы қаласын басқарудың Ахуалдық орталығына барған кезде айтылды. Арнайы әзірленген функционалдық компоненттердің арқасында бұл орталық көптеген салалар бойынша қаланың «өміріне» мониторинг пен талдау жүргізуге, соның ішінде құрылыс, жолдарды жөндеуге, ТКШ саласындағы жұмыстардың қайталануын болдырмауға, балабақшалар мен мектептерде және т. б. орын тапшылығы мәселелерін шешуде дұрыс шешім қабылдауға мүмкіндік береді. Цифрлық картографиялық сервистерден келіп түсетін ақпарат, соның ішінде қала аудандарындағы криминогендік жағдай, жол-көлік оқиғалары туралы ақпарат қаладағы 53 мың нысан туралы деректерді көрсетеді және Алматының дамуы бойынша жоспарларды түзетуге негіз болды. Асқар Жұмағалиев мұндай тәсіл үдерістерді цифрландыру мен автоматтандырудан нақты экономикалық тиімділікті есептеуге, сондай-ақ стратегиялық жоспарлаумен және қаржы ағындарын бөлумен тиімді айналысуға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Сондай-ақ, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі өзінің жұмыс сапары аясында Алматы облысының «Көктерек» ғарыштық байланыс орталығына, Алматы облысының кең жолақты станциясына барып, антенналық жүйелердің, ғарыш аппараттарын басқару залының, командалық-өлшеу кешенінің жұмыс барысымен танысты. Айта кетейік, Орталық «KazSat» байланыс және хабар тарату ғарыш аппараттарын басқарудың резервтік кешені болып табылады, сонымен қатар телекоммуникациялық қызметтердің ұсынылатын түрлерінің спектрін кеңейту үшін бұл жерде спутниктік және жерүсті байланыс желілері арасындағы өзараіс-қимылды қамтамасыз ететін алғашқы Қазақстандық Телепорт жүйесі құрылды.

Анықтама:

Алматы қаласы – қоғамдық көлікте билеттеудің электрондық жүйесі, жол қозғалысы қауіпсіздігінің бейнемониторингі, қалалық автотұрақтардың «ақылды» жүйесі енгізілген қазақстандық мегаполис. Қаланың кешенді көліктік реформасы 2018 жылы Ақылды қалалардың еуропалық форумында ең үздік жоба деп танылды. Алматыда цифрландыру офисі құрылды. Алматылық және халықаралық консультанттардың бірлесе отырып әзірлеген «Smart Almaty» тұжырымдамасы қабылданды, оның шеңберінде 40-тан астам цифрлық жобалары жүзеге асырылды.

Қала Smart city компоненттері іске асырылған бірқатар халықаралық рейтингтерге кіреді. Сонымен, қалалық қызметтердің сапасын бағалау бойынша БҰҰ рейтингінде Алматы Орталық Азия қалаларының бірі болып, әлемнің 40 мегаполисінің тізіміне енді, онда 25-ші орынға ие болды. Алматы сондай-ақ IDC және IECE Cities in Motion Index халықаралық агенттіктерінің рейтингтеріне кіреді (165 орыннан 118-ші орынға ие және Неаполь, Анкара, Иерусалим, Афины, Санкт-Петербург, Рио-де-Жанейро, Баку қалаларынан озып кетті).

5G мобильді желілерін енгізу әлемдік тренд болып табылады және бірқатар елдерде бесінші буынның байланыс желісін енгізуге дайындық жұмыстары жүргізілуде. Әлемдік құрал-жабдық өндірушілері 5G технологиясын әзірлеу мен енгізуде көшбасшы атану үшін өзара бәсекелесуде.

Мобильді байланыстың жаңа буыны мен жиіліктерді мемлекеттік органдармен келісу, сондай-ақ радиожиілік спектрінің учаскелерін босату, енгізілген және жоспарланатын радиоэлектрондық құралдарды басқа жиіліктер диапазондарына қайта бөлу жөніндегі іс-шаралар. Қазіргі уақытта 5G желісін тестілеуден өткізудің пилоттық аймағы үшін Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында қажетті жиілік диапазондары іріктелді. 5G ұялы байланыс желілері деректерді берудің жоғары жылдамдығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді және виртуалды нақтылық технологияларында, жабдықты қашықтан басқаруда, Smartcity жүйелерінде қолданылуы мүмкін.

Ақпарат көзі: ҚР ЦДИАӨМ