Ахметжаров Слямжар Берікбекұлы
Сүлейман Демирел атындағы университетте экономика бакалавры дәрежесін, Назарбаев Университетінде магистратура мен PhD докторы дәрежесін алған.
2025 жылғы қазанда Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен еңбектегі жетістіктері үшін «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.
Мемлекеттік, ғылыми-зерттеу және квазимемлекеттік секторларда ауқымды жұмыс тәжірибесі бар.
Еңбек жолын коммерциялық құрылымда бастап, «Нұр-Отан» Шаруашылық басқармасы» ЖШС-нде маманнан бөлім басшысына дейінгі жолдан өтті. 5 жылдан астам уақытын ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтында (ҚСЗИ) ғылыми-талдау қызметіне, соның ішінде басқарушылық лауазымдарда арнады.
Мемлекеттік қызметте ҚР Ұлттық экономика министрінің кеңесшісі, ҚР Президенті Баспасөз қызметінің сарапшысы, сондай-ақ ҚР Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің консультанты лауазымдарын атқарды.
Директорлар кеңесінің 2026 жылғы 29 мамырдағы шешімімен «Алматы қаласын дамыту орталығы» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары - Басқарма мүшесі болып тағайындалды.

