Алматы қаласын дамыту орталығы жанындағы Урбанистика Орталығының қызметкерлері қаланың саябақтары мен гүлбақтарына ауқымды зерттеу жүргізді (презентацияны сілтеме бойынша табуға болады). Бұл зерттеулердің мақсаты саябақ аймақтарының жайлылық деңгейін анықтау ғана емес, сонымен қатар, оларды жақсарту бойынша ұсыныстар жасау болды. Біз, зерттеу авторларының бірі - Ерқанат Заитовтың сұхбатымызға уақыт бөліп, қалалық саябақтарды күту ерекшеліктері, олардың қазіргі және болашағы туралы айтып беруге көндірдік.
- Қазіргі уақытта Алматыда 130 көгалдандырылған аумақ бар. Сіздің ойыңызша, олар қазір қандай күйде?
- Егер бес баллдық шкала бойынша алатын болсақ, онда мен саябақтың жалпы жағдайына қатқыл үш деген баға қойар едім. Қала парктерінің жағдайы орташа. Әрине, жасыл аумақтар бар және жақсы жағдайда, шұғыл түрде қайта жаңартуды талап ететін жағдайы қанағаттанарлықсыз аумақтар да бар. Бірақ, сонымен қатар, саябақтар адамдарға лық толы. Қала тұрғындары саябақтарға, арықтарға барғанды, оларда демалғанды жақсы көреді.
- Барлық саябақтарда түйісетін бәріне ортақ мәселелер бар ма? Әлде олардың әрқайсысының өзіндік жекелеген мәселелері бар ма?
– Бәріне ортақ мәселелер — бұл, бәлкім, абаттандыру және жүйелеу. Мысалы, саябақтардың атауларын алар болсақ. Қазақстан қонақ үйінің жанында орналасқан саябақ »Достық»деп аталатынын ешкім де білмейді. Ал адамдардың өздері оны »Көк төбе» немесе »Отбасылық» саябағы деп атап кеткен. »Оңтүстік» саябағы халық арасында көптен бері »Түлектер аллеясы» болып аталып келеді.
- Онда олардың атауларын алматылықтар өздері қалай атап кетсе, сол атауға өзгертудің мәні бар шығар?
– Иә, мұндай идея бар. Қала тұрғындары арасында танымал болған тұжырымдамалық атауларды беру және жүйелеу, ал кейіннен оларды атауына сәйкес дамыту жоспарда бар. Бұл ретте саябақтың тақырыбы да атауына сәйкес шығуы керек болады. Бұл жерде »Кемені қалай атасаң, солай жүзеді» деген тәмсілді еске түсіру орынды болар.
- Саябақтың атауынан басқа да атап өткіңіз келетін сәттер бар ма?
- Әрине, мәселелер, ұйымдастырушылық және инфрақұрылымдық тұрғыда. Тиісті жол жабындары жоқ. Барлық саябақтарда дерлік пандустар жоқ. Мысалы, отбасылық саябақтарды алатын болсақ, онда аналарға арбамен серуендеу өте қиынға соғады, себебі көтерілу/түсу мүмкіндіктеріне жағдай жасалмаған. Біз бұл жерде, мүгедектер туралы сөз қозғап отырған жоқпыз. Нашар көретіндерге арналған тактильді плитка жоқ. Бұлардан басқа, саябақтарда көгалдандыру жағдайы жетімсіз. Егер газондар үстінен жүруге болмайды деген ұғым болса, онда біздің газондар бетінде жүре де алмайсың, өйткені олар іс жүзінде тіптен жоқ. Дегенмен, Алматы не ексең де өсетін, сондай бір қала. Ең бастысы, дұрыс күтім, сервис және қызмет көрсету.
- Ал осы біздің қалада барлық талаптарға сай келетін және »эталондық» болып саналатын саябақтар бар ма?
- Алматыда келесідей мәселелер байқалады – стандарттар, сол құрылыс нормалары мен ережелері (бұдан әрі-ҚНжЕ) бар, бірақ олар бойынша, неге екенін, ештеңе жасалмайды. Біздің саябақтарды абаттандыру осы ҚНжЕ-нің өзіне қайшы келеді. Біздің қала саябақтарының арасында эталон жоқ. Бір қарағанда, бәрі қалыпты сияқты көрінуі мүмкін, бірақ әлі де жақсартуды талап ететін тетіктер бар.
- Саябақтардың нормативтерге сәйкестік мәселесі қалай қадағаланады? Сіз ҚНжЕ, нормативтер бар деп айттыңыз. Бұлардың барлығына кім жауапты?
- Жауапкершілік туралы айтпас бұрын, сол ҚНжЕ-де ерекшелік терминологиялары, ақпараттар өте көп екенін ұғынып алу керек. Және адам олардың бәрін оқып, ең бастысы, оларды қолдану үшін көп күш пен уақыт кетеді. Сондықтан 100% олар, әрине, орындалмайды және тиісінше, ешкім оны бақыламайды. Мәселенің түбірі ҚНжЕ-нің өзінен басталады.
- Жақында өткен Урбан Форумында сіздердің ұсыныстарыңыздың бірі - бұрын соңды аталған мәселелердің барлығын шешу үшін саябақтарға қызмет көрсету ісін жеке қолға беру болған.
- Бізде бәрі осылай, саябақтар жәй ғана бар, олар жүйеде бар, адамдар олар туралы біледі, бірақ өкінішке орай, олар одан әрі дамымайды. Өкінішке орай, саябақтың әлеуеті әлі де дамымайды. Ірі қалалардың әлемдік тәжірибесі айтқандай, саябақтардың 20%-ы және одан жоғары пайызда, өз шығынын өзі өтей алады, ал Алматының бұл үшін барлық қажетті жағдайы бар.
Мүмкін, саябақтар, гүлбақтары одан әрі дамып, қызықты оқиғалар ұйымдастырылып, адамдар көптеп толуы үшін, қызмет көрсету ісін соған мүдделі жеке тұлғаларға тапсырғаан дұрыс болар. Барлық қажетті жағдайлар мен олардың құзыреті міндетті түрде келісілетін болады. Жеке тұлғалар саябақ аумағында бизнестерін дамытып, көгалды, қатарластыра, күтіп-баптап, саябақты таза ұстар еді, ескірген және жарамсыз тұрған тұрақ жиһаздарын ауыстырар еді.
Саябақ аумақтары қалалық меншікте қала береді, сондай-ақ әлемдік тәжірибеге сүйене отырып, шарт талаптарының орындалуын бақылау қала әкімшілігінің құзыретінде болады. Жеке тұлғаларды қамтамасыз ете алатын қызықты контент жетіспейді. Саябақтан саябаққа адамдар тек балалар мен спорт алаңдарын көреді. Шын мәнінде, ашық ауада йогамен, бимен айналысуға, кітап клубтарын ұйымдастыруға мүмкіндік бар.
– Біз сіздің презентацияңызбен танысып шықтық, және Алматыда саябақтар жетіспейтіндігін анықтадық. Мәселен, барлық Наурызбай ауданында жасыл аймақтан тек бір ғана гүлбағы бар. Жалпы алғанда, жасыл аймақтар туралы айтар болсақ, олар бізде жетіспейді ме?
- Иә, егер тағы да ҚНжЕ сәйкес алатын болсақ, онда бізде бір адамға 10 шаршы метр көгалдандырылған аймақ болуы тиіс. Сонда, 1,7 млн тұрғын үшін 1700 гектар болу керек, ал егер күн сайын қалаға келетін күндізгі халықты алатын болсақ, онда бұл шамамен 2,5 млн адам және 2500 гектарды құрайды. Қазір Алматыдағы көгалдандырылған аймақтардың жалпы көлемі 1355 гектарды құрайды, онда Көк-төбе саябағы мен Медеу саябағы кіреді. Қазір біз жаяу жүріп жетуге болатын саябақтар туралы айтып отырсақ, ал Медеу өте алыста орналасқан, сонда тағы 655 гектарды шегереміз. Яғни, Алматы қаласының барлық тұрғындарына, күн сайын келетіндерді есепке алмағанда, 700 гектар көгалдандырылған аймақ қалады, ал нормалар бойынша 1700 болуы тиіс.
- Сонда, егер, саябақтар жетіспесе, онда бұл саябақтарды бөлуге бізде аумақ жеткілікті ме деген сұрақ туындайды?
- Аумақ жетерлік. Алайда, әдетте, »саябақ» сөзін айтқан кезде, біздің ойымызда тек қана үйреншікті соқпақтары, ағаштары, орындықтары бар саябақтың бейнесі пайда болады. Өз презентациямызда біз саябақтар да жасанды, қалалық ортаға интеграцияланған және рекреация аймағы болуы мүмкін екендігін көрсеттік. Мұндай мысалдар қазір өте көп, сол Нью-Йоркті алсақ мысалы, онда демалыс орны үйлер арасында ұйымдастырылған. Бұл бүкіл үйдің ені мен ұзындығының тек 2-3 метрі. Ол жерде саябақды бөліп, жолдар жасап, орындықтар мен үйінді төбешіктер қойды. Нәтижесінде жайлы шағын гүлбағы пайда болды.
– Бізде саябақтарға жылдың жылы мезгілінде жиі барылады, ал қыста да сұранысқа ие болған қандай да бір сәтті кейстер бар ма?
- Қыз мезгілінде, саябақтар үшін ең танымал кейс бұл мұз айдынын ою. Мұндай мұз айдындарындарының атмосферасы ерекше. Бізде сауда орталықтарында немесе Медеу мұз айдынына барып коньки тебеді емес пе. Келесі жылы Оңтүстік саябағы қайта жаңартылады деп жоспарлануда, сол кезде біз аумағы жасанды көл жасауға мүмкіндік беретін, осындай мұз айдыны болғанын қалап отырмыз.
Тағы бір мысал - скейт саябақтар. Сол трамвай депосының байқауынан кейін скейт саябақтарын ұйымдастыру туралы ұсыныс жасалды. Қазір Абай көшесіндегі Әуезов атындағы театрдың алдында, ескі алаңда, жаңа алаңында теуіп жүрген жастар көп. Ең бастысы, уақытында тазалау және мұндай босуақ жыл бойы созылуы мүмкін..
- Көгалдар мәселесі. Көгалдар, оның үстінде серуендеуге »тыйым салынған» аумақ болып табылады.
– Меніңше, біз посткеңестік кеңістік тұрғындарының санасында басылынып қалған тыйым салулар тізіміне баймыз. Бұл қалыпты тыйымды еңсеру өте қиын болар, бірақ нұсқа ретінде, біз газонды көшеттеп және дәл сол жерде »газон бойынша жүруге болады» деген тақтайшаларды жапсырғымыз келеді. Адамдар демалып, пикниктер ұйымдастыра алар еді
- Мүмкін, тыйым салудың мәні, көгал бойынша сәл жүріп өтсең, біраздан соң орны тақырланып қалатынында шығар. Ал Нью-Йорктің орталық паркінде адамдар белсенді пайдаланатынына қарамастан, көгал көгал болып қала береді. Бұл бір ерекше технология ма, мүмкін шөп жақсы шығар?
–Менің ойымша, бұл жай ғана қарапайым қызмет көрсету сапасына қатысты. Шөп дегеніміз не? Бұл ең алдымен суару, қоректену және өңдеу. Өкінішке орай, Алматыда көгалдарға лайықты көңіл бөлінбейді. Біздің зерттеулеріміз бойынша, тек гүлдерді ғана суарып, күтіп тұратыны анықталды. Газондарды күтіп-баптау ұғымы бізде жоқ. Егер ескі Алматыны алар болсақ та, бұн қызметті арықтар жасанды суару арқылы қамтамасыз етіп отырған.
- Көгалдарды күту бойынша бізде норматив бар ма?
- Жоқ, бізде тек қалай ору керек жөнінде белгілі уақытты есептейтін қызмет көрсету нормалары бар. Бірақ оларға, іс жүзінде, 30 жыл болды. Соңғы норматив 1987 жылы шығарылды. Және ол сол уақыттың қажеттіліктеріне сәйкес шығарылды. Қазір қажеттілік мүлдем басқа, ал сол ескі нормалар әлі де қолданылуда. Олар оны пайдаланғысы келгеннен пайдаланбайды, өйткені басқа баламасы жоқ. Регламенттерді бүгінгі талапқа сәйкес келетіндей жаңарту керек немесе жаңа регламенттер жасау керек..
- Көгалдардағы жүре салынған жолдар туралы айтатын болсақ, біз сіздің презентацияңыздың қызықты бөлігін еске түсірдік. Сіз саябақтардағы жүре салынған жолдар, шын мәнісінде, серуендеуге ыңғайлы деп айттыңыз. Осы жүре салынған соқпақтардан толыққанды жол жасау мүмкін бе?
- Жолды жасауға болады, бірақ, неге екенін қайдам, оларды онда жасамайды. Соқпақтар, жылдар бойы тапталып жатқанына қарамастан, »ресми емес» "балама» жолдар болып қала береді.
Жақсы жобалар жасау үшін өзің тұтынушы болуың керек. Бұл сәулетшілерге де, ландшафтық дизайнерлерге де қатысты. Бізде мұның бәрі жоғарыдан төменге қарай ұстанымы бойынша шешіледі. Жоғарыдағылар жоспар ойластырады, жобасын жасайды, сызып көрсетеді сосын жол салады, ал іс жүзінде, адамдарға жол мүлдем басқа жерден керек болып шығады, нәтижесінде, олар өз жолдарын өздері »салып алады«. Бірінші кезекте »төменнен жоғары» жүйесін пайдалану қажет, жолдар мен саябақтарды пайдаланатын адамдардың өздерінің мұқтаждықтарынан шығу қажет.
– Біз үнемі жаңа саябақтарды қайта құру және салу туралы сөз қозғаймыз. Бірақ болашақ және қолданыстағы саябақтарды қызмет көрсету бойынша маңызды мәселе шетте қала береді. Алдағы он жыл ішінде парк ескірмейді деп кепілдік беретін саябақты қалай күту керектігін анықтайтын, тіпті еуропалық дәрежедегі болсын, регламенттер бар ма?
- Мәскеудегі »Стрелка» медиа, сәулет және дизайн институтының тамаша үлгісі бар. Олар абаттандыру бойынша 500 беттік регламент шығарды. Бізде бұл жоқ. Ал сапа регламенті ол өте қажет. Ал бұл құжатта барлығы анық және айқын.
Алматыдағы қолданыстағы нормативтер 1987 жылы әзірленді. Онда тек суару және кесу сәттері жазылған. Мысалы, ағаштарды кесу керек. Мәселе-өзгерістер туралы ақпарат көрсетілетін жүйе жоқ, мысалы, орындықтар болуы тиіс, ол жөнінде де стандарт жоқ. Сондай-ақ, барлық жасалған өзгерістер көрсетілетін база да жоқ, мысалы, қанша отырғыштар өзгертілген, олардың ішінде ескісі,жаңасы қанша, және олардың арасында жөндеуді қажет ететіндері бар ма.
- Сіз ақпараттық жүйе құруды ма, немесе деректер базасын құруды ұсынасыз ба?
– Иә. Бұл географиялық ақпараттық жүйе. Біз қазір бұл мәселені көтеріп жатырмыз. Ол саябақтар бойынша ғана емес, жалпы қала бойынша да болады. Қабат бойынша салынған жүйе. Әр қабатта өз ақпараты бар. Егер саябақтар қабаттарін алар болсақ, онда ағаштар, бұтақтар, арықтар және отырғыштар бойынша қабаттар болу керек. Ақпараттар енгізіліп, өзгерістерге сәйкес редакцияланып отырады. Барлығы базада сақталатын болады. Және қызығушылық танытқан әр адамда, әрдайым өзекті ақпарат болады.
Біз Ақылды қала туралы айтқан кезде, бірінші кезекте бұл ұғым »ақылды» картаны білдіреді, онда біз мәселелерді бірден көре аламыз. Қазір бізде мұндай карта тіптен жоқ. Біз қай жерде не қалай болып жатқанын қадағалай алмаймыз. Және бұл үл кен қажеттілікті талап етеді.
– Қазіргі кезеңде, қаланың жасыл аумақтарын тексеру аяқталған кезде, қалалықтар әрі қарай дамуына қандай да бір көмек көрсете ала ма?
- Әрине, біз дәл осы үшін құрылған болатынбыз. Қазір олар өз идеяларын, тұжырымдамаларын ұсына алады. Келесі жылы қаладағы бірнеше гүлбақтарын қайта құру мүмкіндігі қарастырылуда. Ол үшін біз трамвай депосының аумағында қоғамдық кеңістік құру бойынша өткен конкурстың түрі бойынша үлкен конкурс өткізгіміз келеді, бірақ саябақтар бойынша ғана. Бірінші кезекте қала да, саябақтар да адамдар үшін құрылады, сондықтан олардың пікірі өте маңызды. Әрине, біз Диснейлэнд туралы айтпаймыз, саябақ аумағының дамуына шын мәнінде әсер ететін ақылға қонымды ұсыныстарды меңзейміз.
- Сіздің зерттеуіңіздің болашақ тағдыры қандай? Сіздің ұсыныстарыңыз іске асырылады ма?
- Біздің зерттеуді шындап қабылдады. Сұхбаттың басында біз төменнен жоғары қарай даму принципі туралы, тұрғындар мен саябақтар үшін не қажет екенін және оны қалай жақсартуға болады сол туралы әңгімелестік. Егер бастапқыда біз бір-бірімізді түсіну қиын болғандықтан, бір жерде текке айналып тұрып қалған болсақ, ал қазір жағдай өзгереді.
– Бұл тәсіл »төменнен жоғары» принципі бойынша бірінші рет әрекет етіп тұр ма?
- Шын мәнінде, иә. Саябақтар сияқты, сондай-ақ, трамвай депосы аумағындағы қоғамдық кеңістік конкурсы сияқты. Бұл расында үлгілі іс. Мұндай құжат әкім үстеліне кеткен кезде, бізге былай деп айтты: »Иә, бұл қажет іс, жұмыс істейміз!».
- Сіздің зерттеулеріңіз қашан жұмысқа кірісетіні туралы қандай да бір тұспал бар ма? Алғашқы нәтижелерді қашан көреміз?
- Қазір Оңтүстік саябағына арналған жобалық-сметалық құжаттама дайындалды. Осы жобаға талдау жасап, өз ұсыныстарымызбен бірге жобаны жұртшылықтың талқылауына шығарғымыз келеді. »Жолдастар қараңдар, бұл жоба қазір талқылануда, өз идеяларыңызды ұсыныңдар» дегіміз келеді. Бірнеше кезекте Табиғи ресурстар Басқармасымен ұсынылған, бірнеше қала саябақтары мен гүлбақтарының қайта құру жоспары бар. Біздің тарапымыздан эскиздік жобалар болады. Ең алдымен, біз байқау жариялайтын болармыз, адамдарды араластырып, олардың қандай саябақ көргісі келетіні де сұралады.