Алматы қаласын дамытудың негізгі жоспары бойынша қаланың орталығында аумақты тиімсіз пайдаланатын, экологиялық ортаға зиян келтіретін және техногендік апат қаупін тударытан кәсіпорындар қаланың шет аймақтарына көшіріледі. Бұл туралы »инновациялық экожүйе және қалалық орта» атты дөңгелек үстел барысында белгілі болды.
Қандай зауыттардың орнын ауыстыратыны туралы әзірге белгісіз. Бірінші кезекте Кеңес дәуірінен бері келе жатқан қирап, ойрандатылған алып кәсіпорындар тұр. Босатылған жерлерді билік әлеуметтік салаға – тұрғын үйлер, ауруханалар, мектептер мен балабақшалар салуға қайтарады. Демекші, соңғы жағдай бойынша Алматыдағы жағдай күрделі – қала бойынша мектепке дейінгі біліммен қамту небәрі 70 пайызды құрайды.
Бизнеске балама ретінде Индустриялық аймақ пен »Алатау» ИТП АЭА ұсынылып отыр. Бюджет есебінен жүргізілген инфрақұрылымы бар және салық жеңілдіктері қарастырылған бұл екі алаң кәсіпкерлік қызметті жүргізу үшін өте қолайлы.
Бұдан басқа, алдағы жылдары Алматыда жер салығының мөлшерлемері қайта қаралатын болады. Бұл бизнес майталмандарына өз өндірістерін көшіру туралы ой толғандыруға тағы бір себеп.
«Өндірістік алаңдар, коммерциялық алаңдар, мысалы, әлеуметтік-бағытталған салаға қарағанда бірнеше есе қымбат болады. Оған қоса, бұрын »Алматы қаласының Қала құрылысы Кеңесі» консультативтік-кеңесші органы болған. Қалаға қатысты маңызды тұжырымдамалық ұсынысы болған жағдайда, инвестор қала Кеңесіне оның нәтижелілігіне көндіре алған, және қала Кеңесі қаланың ТЖЖ-ын өзгерте алған. Өткен айда, Doing Business түзетулер шеңберінде, қалалық Кеңес тарап кетті, және мұндай шешім қабылдау құралы енді жоқ. Тиісінше, енді қаланың ТЖЖ-ын өзгерту үшін қоғамдық тыңдаудан өту қажет. Сондықтан қазір бизнес майталмандарына Бас жоспар және оның салдары деген не екенін түсініп алу өте маңызды«, - деп атап өтті »Алматы қаласын дамыту орталығы» АҚ Басқарма төрағасы Жанна Төлегенова.
Іскер топ өкілдеріне алдағы уақытта оңтүстік мегаполис салынатын жаңа мастер-жоспар әзірленгені туралы хабарлады.
«Концепт-жоспардың дизайны тамыз айында дайын болады, күзде біз оны кең талқылауға шығарамыз«, - деп қосты Жанна Төлегенова.
Алматы қаласы әкімінің орынбасары Алмас Мәдиевтің төрағалығымен өткен дөңгелек үстел жұмысына ИТП АКҚ, ИТП АЭА, Индустриялық аймақ өкілдері, Іскерлік және қоғамдық кеңес мүшелері, кәсіпкерлер, жоғары оқу орындарының өкілдері, қосымшалар мен БЖ әзірлеушілері қатысты.