Кез келген ағашты кесу әкімдіктің рұқсатымен жүзеге асады. Тіпті ауырып тұрған жасыл желекке тиісуге құқығыңыз жоқ. Жасыл экономикаға қатысты заңның қатаңдатылғаны қуантады, дейді эколог мамандар. Бұл «Алматы қаласының мәртебесі туралы» заңға енген өзгерістер. Құжатта ағаш отырғызудың стандарттары және нұсқаулықтары көрсетілген. Қалалық «Nur Otan»партиясының филиалында әкім Бақытжан Сағынтаев ұсынған заңды жауаптылар кеңінен түсіндірді. Олардың айтуынша, құжат заман талабына сай етіп жасалған.

«Басқа басқармаларға қарағанда біздің тарапымыздан бір норма енгізілген болатын. Соның өзі бізді қуантады. Біз енді жасыл желекті қорғауда өзіміздің ережемізді орнатуға мүмкіндік алдық. Қазір жұмыс тобы құрылған. Оның құрамына белсенді қоғам мүшелері, дендролог және ғалымдар кірген. Өздеріңіз білесіздер, ескі ереже 10 бет болған еді. Қазір жаңа ереже 110 беттен тұрады. Яғни, жасыл экономикаға қатысты барлық мәселелер қамтылған», - деді қалалық Жасыл экономика басқармасының басшысы Ержан Сейтенов.
Келелі кездесуде қаланың архитектуралық келбеті де сөз болды. Тұрғын үйлердің қасбеті бірдей болмақ. Сонымен қатар шеткі аудандар мен қаланың ортасы қатар дамиды. «Алматы қаласының мәртебесі туралы»заңаясында ақылды бағдаршамдар да орнатылмақ. Смарт құрылғылар кептелісті өздері анықтап, автоматты түрде жұмыс істейді. Бұл өз кезегінде, жол апатының санын азайтуға септігін тигізеді, дейді бастамашылар. Жиын барысында ақылы автотұрақ тақырыбы да сөз болды. Жауаптылардың айтуынша, сараланған тариф орнатылмақ. Аталған мәселе талқылануда. Жаңа құжатта кәсіпкерлердің жұмысын оңтайландыратын бөлімдер қарастырылған.
«Біз қазір жазғы сауда орындарына қатысты жаңа ереже дайындап жатырмыз. Шетелдік тәжірибе назарға алына отырып әзірленуде. 2017 жылы қалада 2 мыңнан аса заңсыз сауда орны анықталды. Олар жеке меншік және мемлекеттің жерінде тұрғызылған. Біз осы екі жылдың ішінде жабайы сауда орындарын жойдық. Қазір кәсіпкерлер палатасымен ақылдасып, жаңа талаптар мен стандарттар орнатып жатырмыз. Ақпан айына дейін қоғам талқылауына ұсынамыз», - деді қалалық Кәсіпкерлік және инвестиция басқармасы басшысының орынбасары Қанат Сағындықов.
Ақпарат көзі: Almaty.tv