Алматыда қала тұрғын үй қорын тұтыну және жаңғырту мәселелері талқыланды

14.11.2017

DSC 0493

2017 жылғы 9 қарашада «Atakentpark» қонақ үйінде Алматы қаласының тұрғын үй қорын тұтыну және жаңғырту мәселелері бойынша жиын өтті. Жиналысқа Алматы қаласы әкімдігінің басшылығы, аудан әкімдері, »Алматы қаласын дамыту орталығы» АҚ, мәслихат депутаттары, Қоғамдық кеңес мүшелері, ПИК және ПИК Ассоциациясының өкілдері қатысты.

«Алматы қаласын дамыту орталығы» әкімдіктің жобалық кеңсесі бола отырып, ПИК жұмысын автоматтандыруға, тұрғын үй сервисінің сапасын арттыруға, меншік иелерінің шешім қабылдауын жеделдетуге және тұрғын үй бақылауының тиімділігін арттыруға бағытталған »Электрондық ПИК» жобасын жүзеге асырады«, - деп атап өтті Алматы қаласын дамыту орталығының басқарма төрағасы Жанна Төлегенова.

Сондай-ақ, Ж. Төлегенова Алматыда тұрғын үй басқармасының ПИК порталы және бірнеше жеке портал (Topksk, e-Home) жұмыс істейтінін қоса кетті. Тұрғын үй басқармасының порталы көпфункциялы, ПИК картасын көруге болады, кері байланыс бар, құжат жобалары талқылау мақсатында орналастырылады. Қазір ПИК тіркеу, ПИК, үйлердің төлқұжаттарын қалыптастыру, функционалды жетілдіру бойынша белсенді түрде жұмыстар атқарылуда. Бірыңғай платформаны іске қосу 2018 жылдың бірінші жартысында қарастырылған.

«Электронды ПИК» жобасы - бұл ПИК-тің айқын жұмысы, тұрғындардың сенімі мен алғысы. Адамдар онлайн-жиналыстар арқылы үй тұрмысына қатыса алады, өтінім бойынша қызмет жұмыстары тез көрсетіледі, жұмыс сапасын бағалай алады. ПИК өз жұмысын автоматтандыра алады, яғни ПИК бюджетін қалыптастыра алады және оны тұтынуға кететін шығын сомасын автоматты түрде енгізе алады. ПИК-не тәулік бойы жүгінуге   болады, поштаға хабарландыру келіп тұрады.

«Жоба уақыт пен еңбек шығындарын оңтайландыру есебінен тек әлеуметтік қана емес, сондай-ақ, экономикалық тиімділікке де, соның салдарынан табыс генерациясына да пайдасын тигізеді. Қолмен жасалатын операциялар саны айтарлықтай қысқарады, қосарлану, кездейсоқ қателіктер мен теріс пайдаланулар 80%-ға дейін, бақылауға кеткен шығындар 50%-ға дейін қысқартылады» - деп толықтырды Ж. Төлегенова.