Қазақстандағы медиация институты енді дамып келе жатыр. Дауларды шешудің баламалы әдістері туралы барлық дерлік азаматтар біле бермейді. Медиацияның басты мақсаты қоғамдағы даулылықты азайту, оның алдын алу және бейбітшілікті сақтау болып табылады. Оны іске асыру кезінде үдерістің мазмұны, ұйымдастырылуы, регламенті мен ахуалы жекеше түрде анықталуы мүмкін.
OpenAlmaty-да, азаматтарға медиация туралы барлық мәлімет алуға, оның артықшылықтары туралы білуге мүмкіндік беретін, уағдаластық жолымен көптеген мәселелерді шеше отырып, сот тартыстарын айналып өтуге мүмкіндік беретін »Кәсіби медиаторлар» Қоғамдық Бірлестігінің өкілдері бар.
Медиаторлардың Қоғамдық қабылдау бөлмесіндегі жұмыс алгоритмі келесідей:
- дауды медиация рәсімінің көмегімен реттеуге шешім қабылдаған тұлға медиацияға өтінім береді;
- медиатор кәсіби медиаторлар тізілімін ұсынады, ал тұлға тізілімнен кез келген медиаторды өзі таңдайды;
- таңдалған медиаторға өтінім келіп түседі және медиатор екінші тараппен жұмыс істей бастайды. Медиация рәсімін OpenAlmaty-да арнайы бөлінген кабинетте жүргізуге болады. Құпиялылық қағидасы сақталады. Жоғарыда көрсетілген медиация рәсімдері қысқа мерзімде – бір-екі күн ішінде жүргізіледі.
OpenAlmaty ашылған сәттен бастап, »Кәсіби медиаторлар» ҚБ медиаторларына еңбек, тұрғын үй, мұрагерлік, некелі-отбасылық және басқа да мәселелер бойынша екі жүзден астам азамат жүгінді.
Кейбір келісімдер бұрын соңды ерлі-зайыпты атанған тұлғалар арасында жасалды. Мысалы, солардың ішінде, бірлесіп жиналған мүлікті бөлуге қатысты болды; екіншісі, ерлі-зайыптылар арасындағы кәмелетке толмаған балалардың ерлі-зайыптылардың біреуімен тұрған жағдайда, тұрақты жерін анықтау, алимент төлемдерін анықтау және мүлікті сотқа дейінгі тәртіппен бөлу туралы болды; үшіншісі, мұрагерлік мүлікті бөлу жөнінде мұрагерлер арасында жасалды.
Азаматтардың барлық өтініштері бойынша құқықтық кеңес беру арқылы қызмет көрсетіледі, сот органдарына жүгіну тәртібі туралы түсініктемелер беріледі. Сонымен қатар, дауларды соттан тыс тәртіппен шешудің, соның ішінде медиация рәсімін өткізу секілді баламалы тәсілдері түсіндіріледі, соның нәтижесінде қаржылық шығындарды азайтуға, өз уақытын үнемдеуге және ең маңыздысы – жақсы қарым-қатынастарды сақтап қалуға болады.
Бірнеше мысал келтіретін болсақ. кейбір дау-дамайдың бірі мынадай жолмен шешілді: Михаил (аты өзгертілген) есімді өтінішкер жұмыс беруші ЖК, Тапсырыс беруші төлемді кешіктіріп жатқанын сылтаулатқан сыңаймен, оған 750 000 теңге көлемін құрайтын 5 айдың жалақысын төлемей жүргенін айтып медиаторға жүгінді. Михаил кеңес алу үшін OpenAlmaty-ға жүгінген болатын, медиатор оған азаматтық құқықтар туралы түсіндіріп, дауды соттан тыс тәртіппен, медиация рәсімін жүргізу арқылы шешуді ұсынды. Маман жұмыс берушімен кездесіп, сөйлесіп, содан кейін бір күннен соң жұмыс беруші шағымданушыға толықтай төлемді өтеп берді. Медиативтік келісім тіпті жасалған емес, ал жанжал қаралынып болды.
Заңды тұлғалар да Медиация қызметтеріне жүгінеді. Мысалы, құрылыс компаниясы, мердігердің орындалған құрылыс жұмыстары үшін 22 870 000 теңге көлемінде ақша қаражатын толық төлемеу мәселесі бойынша өтініш білдірді. Олардың арасында қақтығыс орын алды, оның үстіне, компания өз жұмысшыларына 4 айдың жалақысын уақытылы төлеуге мүмкіндігі болмады, олар ендігі жерде сотқа жүгінуге әрекет ете бастаған болатын. Медиатор бұл жағдайда да, Тараптармен кездесіп, бұл дауды реттей алды. Төлем 10 күн ішінде толықтай өтеліп болды, ал жанжал қаралып болды. Бұл ретте медиативтік келісім жасалған жоқ, бірақ тараптар медиатор жүргізген жұмысқа риза болды.
Open Almaty медиаторлары азаматтарды өз мәселелерін өркениетті және жағдайды сотқа дейін жеткізбей шешуге үндейді, себебі медиация уақытты, ақшаны және эмоционалдық күштерді сақтауға мүмкіндік береді