10.12.2018

DSC05288

2018 жылғы 30 қараша күні Алматыда «Алматы қаласын дамыту орталығы» АҚ базасында Қазақстандағы «Doing Business субұлттық рейтингі»зерттеуіне қатысты деректерді жинау нәтижелерін талқылау бойынша Дүниежүзілік банк сарапшыларының мемлекеттік органдармен және жергілікті атқарушы органдармен кездесуі өтті.

Кездесу барысында Ұлттық экономика министрлігінің өкілдері өңірлерге тәжірибе бөлісуге мүмкіндік беретін субұлттық деңгейдегі рейтингтің әдіснамасы мен артықшылықтарын түсіндірді.

Өңірлік рейтингті енгізу бәсекелестікке алғышарттаржасайды және реформаларды ілгерілету үшін жергілікті билік органдарының қатысуын ынталандырады.

Дүниежүзілік банк сарапшылары мен Алматы қаласының Әділет департаменті, Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіжәне Ұлттық банктің Алматыдағы филиалыөкілдерінің кездесуі барысында рейтингтің «Кәсіпорындарды ашу» индикаторындағы позицияны жақсарту бағытында жүргізілген реформалар талқыланды.

DSC05266

«Кәсіпорындарды ашу» көрсеткіші кәсіпорынды құру мерзімін, құнын, ең аз төленген жарғылық капиталды және қажетті рәсімдердің санын ескереді.

Дүниежүзілік банктің «Doing Business 2019» есебіне сәйкес Қазақстан «Кәсіпорындарды ашу» индикаторы бойынша өз позициясын өткен жылмен салыстырғанда 5 тармаққа жақсартты (2018 жылы 41 орын, 2019 жылы 36 орын).

Көрсеткішті жақсартуға 2017 жылдың 1 мамырынан бастап ҚҚС төлеуші ретінде тіркелу рәсімінің жеңілдетілуі септігін тигізді.

Салық заңнамасына енгізілген өзгертулерге сәйкес, e-gov арқылы заңды тұлғаны тіркеу кезінде ҚҚС төлеуші ретінде тіркелу қажеттігі туралы мәлімдеген тұлғалар мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап тіркеу есебіне тұрады. Бұл ретте заңды тұлғаның бірінші басшысын суретке түсіру, сондай-ақ заңды тұлғаның орналасқан жерін растайтын құжатты ұсыну талабы жойылды.

2017 жылы заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу кезінде 603 ҚҚС төлеуші тіркелді. 2018 жылдың 11 айында 1683 ҚҚС төлеуші e-gov порталы арқылы электронды түрде тіркелді,бұл есепке тұрғандардың жалпы санының 32% құрайды.

Бұған қоса сарапшыларға Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен салық төлеушілерге қызмет көрсету сапасын жақсарту бойынша жүргізіліп жатқан шаралар туралы айтылды.

DSC05276

2018 жылдың қараша айынан бастап Алматы қаласында «Мобильді салық кеңселері» іске қосылды. Бұл адамдар көп жиналатын шалғай жерлерде (мысалы базарларда) жедел және қолжетімді мемлекеттік қызметтер көрсетуге мүмкіндік береді.

Грузияның тәжірибесі бойынша 3 автокөлік сатып алынып, жылжымалы кеңселерге қайта жабдықталды. Кеңсе жылыту, ауа баптау жүйелерімен, бейнебақылау камераларымен қамтамасыз етілген.

Мобильді кеңседе кызмет көрсету орталығының, өзіне-өзі қызмет көрсету терминалының функционалы және банктің кассалық торабында төлемдерді қабылдау функциясы біріктірілген.

Кеңсе екі қызмет көрсету аймағына бөлінген: мемлекеттік кірістер органдары қызметкерінің қызмет көрсету аймағы және банк кассирінің брондалған аймағы.

Төлемдерді «Қазпошта» АҚ кассирі қабылдайды, жекелеген салықтар комиссиясыз қабылданатын болғандықтан осы мекеме таңдалған.

Салық аймағында қызметкердің компьютермен, сканер, принтермен жабдықталған жұмыс орныжәне салық төлеушінің күту аймағықарастырылған.

Машинада интернет бар, бұл кеңсені салық міндеттемелерін өз бетінше орындауға ниет білдірген салық төлеушілер үшін «Өзіне-өзі қызмет көрсету терминалы» ретінде пайдалануға мүмкіндік береді.

Кеңседе салықтық өтініштер мен салық есептілігі нысандарын толтыру үлгілері орналастырылған.

Бейнебақылау жүйесі арқылы МКД жанынан құрылған Ахуалдық орталықта жылжымалы бекет қызметкерлерінің жұмысы бақыланады.

«Мобильді кеңселерде» «Біріктірілген салықтық ақпараттық жүйе» (БСАЖ), және «Салық есептілігін өңдеу жүйесі» (СЕӨЖ), «Орталықтандырылған бірыңғай жеке шот» (ОБЖШ) ақпараттық жүйелерін орнату жоспарлануда (қазіргі уақытта «ҰАТ» АҚ ұялы операторлармен байланыс арнасын орнату туралы мәселе пысықталуда).

Байланыс арнасын орнатқанға дейін кеңсе консультациялық бекет ретінде пайдаланылады және деректерді беру функциясы бар бақылау-кассалық машиналарды тіркеу, ескісін есептен шығару бойынша салықтық өтініштер қабылданады.

Жылжымалы орталықта ақпараттық жүйелер орнатылғаннан кейін ЭЦҚ беру, жеке тұлғаларды жеке кәсіпкерретінде тіркеу, патенттерді ресімдеу/ұзарту және басқа салық есептілігін қабылдауға болады.

2018 жылдың 1 қазанынан бастап базарда сауда жасайтындардеректерді беру функциясы бар бақылау-кассалық машиналарды қолдануға міндеттелуіне байланысты, жылымалы бекеттерді саудагерлер саны ең көп екі аудан (жалпы қала бойынша сәйкесінше 43% және 27%) – Алатау және Жетісу аудандарындағы базарларда орналастыру жоспарланған.  

DSC05290

Ақпарат көзі: Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті