Жобаны дамыту жөніндегі бастама Британдық Кеңеспен мәлімденіп, ҚБТУ, АДО және Алматы қаласының әкімдігінен қолдау тапты.
Ақпанның 29 күні «Біз Алматы» жобасы қаланың ауқымды фестивалінің бастамасымен аяқталды. Үш жыл ішінде жоба – қалалық ортаны жақсарту, туындаған мәселелерді шешу мақсатында қала тұрғындарын, белсенділерді және билік органдарын біріктірді.
STEPPE, жобаға басынан соңына дейін ұқыпты және айқын жетекшілік еткен – жоба ұйымдастырушыларымен сұхбаттасты. Сонымен қатар, қала кеңістігіне елеулі өзгертулер енгізуге негіз салған фестиваль қатысушыларымен де пікір алысты.
«Біз Алматы» жобасының маңызды міндеттерінің бірі – азаматтық қоғам, жеке меншік сектор және жергілікті басқару мекемесінің арасында нәтижелі диалог қалыптастыру болып табылады.
Басында қалай басталды?
«Біз Алматы» жобасының жетекшісі Данияр Мұқитанов: Үш жыл бұрын Алматыда азаматтық қоғам дамыту үшін ортақ жоба құруға төрт мекеме келді.
Жобаны дамыту жөніндегі бастама Британдық Кеңеспен мәлімденіп, Қазақстан-Британ техникалық университеті, Алматы қаласын дамыту орталығы және Алматы қаласының әкімдігінен қолдау тапты. Осылайша, Еуропалық Одақ грантының байқауына қатысуға салмақты мәлімдеме әзірленді. 2016 жылдың аяғында 430 мың еуро көлемінде грант бөлініп, 2017 жылдың наурыз айынан бастап жоба іске қосылды.
«Британдық Кеңес те бұл жобаға қаржы бөліп отырды. Еуроодақтан бөлінген грант «Біз Алматы» жобасын іске асыруда жұмсалған барлық шығынның шамамен 75%-ын өтеді. Жетіспеген қаржыны біз өтедік», - деп мәлімдеді Қазақстандағы Британдық кеңестің директоры, Роуэн Кеннеди.
Алматы қаласы әкімдігінің кеңесшісі Наталья Ливинскаяның сөзінше, WeAlmaty жобасының алғашқы кезеңінде болжанбаған шығындар салдарынан бюджет қайта қаралып, қаржы қоры қайта бөлінген.
«Біз Алматы» жобасы әдетте донорлар жасайтындай, жаңашылдық құрғысы келмеді. Ол қала белсенділеріне білім, тиімді байланыс желілерін құруға орта және жаңа мүмкіндіктер ұсынды.
Фестивальдің басты міндеті – қалалық үдерістерге қалың бұқара топтарын еліктіру.
Қалалық бастамалар шеберханасы
Шеберхана – әртүрлі даму аспектілері – қаржы, маркетинг және қалалық ойлау қабілеттерін зерделеу мүмкіндігіне ие болатын белсенді қала тұрғынының мектебі. Алматы және Ұлыбританияда өткізілген семинарға қатысуға жеті фасилитатор таңдалған болатын, нәтижесінде 200-ге жуық іс-шара қатысушыларына тренингтер өткізіп, тәжірибелерімен бөлісті. Фасилитациялық бағдарламаның бірінші легінен кейін қатысушылардың 42%-ы қаланы дамытуға арналған әлеуметтік жобалар құрды.
Фасилитаторлар – бұлар өзгерістер агенттері. Олар қалалық бастамалар шеберханасын, форумдарды реттестірді, олардын ең алғашқысы 2017 жылдың 22-ші қыркүйегінде, ал соңғысы – 2019 жылдың 30-шы сәуірінде өтті. Фасилитаторлар іс жүзінде өздерін жобаның амбассадорлары ретінде көрсетті.
«Біз Алматы» жобасының командасымен және біздің серіктестермен тоғыз форум өткізілді. Бұл форумдарға азаматтық қоғам, мемлекеттік құрылым өкілдері, кәсіпкерлер,қозғалысы шектеулі азаматтар, оқушылар және студенттер қатысты.
824 адам қатысқан форумның негізгі мақсаты – жетелі қала тұрғыны үшін жайлы және ақылды қала құру болып табылды.
Соңғы жылы «Біз Алматы» жобасы, алматылықтардың білімі мен тәжірибесін жеткізу мақсатында, қоғамдық ұйымдар мен жергілікті әкімдік серіктестігімен Астана және Шымкент қалаларында екі конференция өткізді. Үш жыл ішінде инфрақұрылым, қалалық босуақ және экология саласында он маңызды жобаны қаржыландырды.
Қала қоғамдастығы және қаланың әрі қарай дамуы жөніндегі мәселелерді алаңда тікелей бағыттауға мүмкіндігі болған екі қаланың да тұрғындары мұндай конференция бірегей екенін атап өтті.
Қаланың талмау тұстарын меңзей алған және грантқа ие болған кім?
Төмендегідей қағидаларға сәйкес келген 10 жоба 5000 еуродан грант жеңіп алды:
Тұрақтылық,
Ынтымақтастық,
Бағытының әртүрлілігі.
Барлық 10 жоба қалалық бастаманың фестиваліне қатысты: «Әр ілмегін сүйіспеншілікпен», «Қарасу» көлі, «Тазалық», «Саунд-арт лабораториясы», Rocket Plastic, Eco-Scan, «Зағиптар үшін қолайлы аудан», «Алматы Оазисі», Citizen Playground және «Қала фермасы».
1. Қарасу көлі – бұл үлкен өзгерістердің айқын мысалы. Әкімдік және аудан тұрғындарының арасындағы маңызды сұхбат Қарасу ықшам ауданында саябақ аймағын салуды қаржыландыруға дейін ұласты. Бұл азаматтық белсенділік төңірегінен жаңа және көлемді қаржыландыру деңгейіне шыққан алғашқы үлгілі іс.
2. Q-Lab – бұл әкімдік даярлаған барлық қала тұрғындарына арналған ақысыз кеңістік. Бұл жерде кез-келген адам жиналыс, кездесулер немесе слет секілді іс-шаралар өткізе алады.
Бұл жобаға WeAlmaty тікелей еңбек сіңірген емес, алайда бұл әкімдік пен тұрғындар арасындағы диалог мәдениеті өзгергенінің сапалы көрсеткіші.
3. Зағип адамдар үшін қолайлы аудан – бұл «Жігер» Қоғамдық қоры ұсынған жоба. Қатысушылар ондағн жиі барылатын жерлерді таңдап, Алатау ауданына нүктелі кірісуді шешті. Грант қаражатына бұл жерлер толықтай зағип адамдарға ыңғайлы етіп бейімделді.
Кіре берісте зағип адамдарға қажетті - дыбыстық маятник пен жанасу тақталарын орнату бойынша көлемді жұмыстар атқарылды.
4. «Қала фермасы» шағын бастамадан дамыды. «Біз Алматы»-дан грант жеңіп алғаннан кейін жоба «Атакент» іскерлік ынтымақтастық орталығымен» серіктестігін бастады, бұл орайда оларға өтеусіз негізде жер бөлінді. Сонымен қатар, мобильдік үйлер жобасы - Mobilar.kz – қала фермерлігі бойынша мастер-класстар өткізуге өтеусіз үй бөлді.
«Қала фермасы» - бұл табысты ынтымақтастық пен тұрақты әлеуметтік жобаның көрнекі мысалы.
Ресми бөлімнен кейін және команда серіктестерін сертификаттармен марапаттап болғаннан кейін, фестиваль үстінде бейресми түрде тойлау басталды. Іс-шара қонақтары ашық алаңда фильмдер көріп, воркшоптар мен жәрмеңкелерге қатысты. STEPPE фестивальдің бірнеше қатысушыларымен олардың жобаларының ерекшеліктері туралы пікір алысты.
Rocket Plastic
Rocket Plastic негізін қалаушы Кенен Ысқақов: Фестиваль барысында, велосипед айналымының көмегімен жұмыс жасайтын, пластикті өңдеп шығаруға арналған шредер орнаттық. Қайта өңделген пластикалық қақпақтардан салпыншақтар немесе декорациялық қораптар жасауға болады.
Біз, «Біз Алматы» фестивалінің жабылу салтанаты өтіп жатқан ғимараттың жанына екі орындық жасау үшін арнайы 120 килограмм пластик жинадық. Біздің мекеме тек пластикті жинаумен ғана емес, сонымен қатар, оны өңдеумен де айналысады. Бүгінгі күні Air Astana-мен қызметтеспіз.
Ағаш орындықтар өңін тез жоғалтады, ал қайта өңделген пластика орнықты және беті салқын тартатындықтан, жылы күндері отыруға жағымды. Сонымен қатар, жуық арада, отырғыштарға эко-шатыр орнатуды жоспарлап отырмыз.
Еуропалық Одақтың қолдауымен біздің жобаны қаржыландырған British Council-ға алғысымызды білдіреміз.
Citizen Playground/Азаматтарға арналған алаңдар
Citizen Playground «Адамдарға Алаңдар» тәлімгері Әнел Молдахметова: Citizen Playground – қаланың шет аудандарының мәдениетті босуағын зерделеуге бағытталған зерттеу-жобасы. Біз кез-келген ауданға жортатын мобилді павильон жасадық. Шаңырақ сияқты, жеделдендірілген және белсенділеуін таңдап алу үшін, біз оларды алдын ала зерттедік.
Біз комиксі бар мобилді кітапханалар әкелдік, сахналар орнаттық және балалармен бірлесіп әртүрлі қызықты бұйымдар тұрғыздық.
Біздің фестивальдің арқасында ауданын жандандырып, кеңістікті жаңадан меңгеруге мүмкіндігі бар. Тұрғындардың өздері де бұған тартылу мақсатында, мұндай жергілікті іс-шараларды көбірек өткізіп тұру керек. Біздің жобамыз – өте жылы, өзіндік және тату мереке десек те болады.
Қыркүйек бойы әр демалыста қаланың бір ауданында фестиваль өткізіп отырдық. Кері байланыс өте белсенді болды және балалар өте қуанды. Олар өз мүмкіндіктерін және өздерін қалай көрсете алатындарына таңқалып қалды.
Шет аудандардағы балалар мен ата-аналардың инфрақұрылымды және тасымалды түрде орталықпен байланыстары үзілген. Қала бюджеті үлкен концерттерге ғана емес, осындай кішігірім көріністерге жұмсалу мақсатында біздің бір жақсы идеямыз бар. Біз әлдеқайда әдістеме құралын құрып қойдық, енді әкімдікпен келіссөз жүргізудеміз.
«Қала фермасы»
«Қала фермасы», Дәурен Жолдасбаев: Біздің мақсатымыз – барлығына болашақ мамандығын көрсету – бұл сити-фермер. Біз адамдарға асүйде алғашқы қажетті өнімдерді өсіруді үйрете аламыз. Егер сіздің жеке үйіңіз болса, сіз кез келген өнімді өсіре аласыз, сол себепті біз тіпті ара өсірушілікті үйретуге де қауһарлымыз.
Аулаға омарта орналастырып, бал жинай беруге болады.
Қала жағдайында тәрбиеленген балалар бар, олар тіпті қызанақ немесе қиярдың қалай өсетінін білмейді, түсінесіз бе? Дүкендер өздері өндіреді деп ойлайды. Біздің міндетіміз – табиғатқа мұқтаждылықты ғана емес, оған жақын болу қажеттілігн де көрсету.
Статистика бар. Жуыр арада қаланың нығыздануынан азық-түлік себеті үлкен мәселеге айналады. Қала фермерлігі, зерттеушілердің пайымдауынша, - болашақтың маманы.
Eco-Scan
Recycle BIRGE жобасының негізін бірлесіп қалаушы Пакизат Сайлаубекова: Біз Eco-Scan қосымшасын өндірумен айналысамыз. Ең басында бұл қаптама туралы ақпарат беретін қол сканері болатын. Алайда біз командамызбен біріге кеңеюге бел будық. Өндірілетін қаптамалар туралы айтып қана қоймай, адамдарды үйретуді де жөн көрдік.
Сол себептен қазір біздің қосымшалар көп реттік саптыаяқтар туралы айтып, өндіру және бүкіл Қазақстан бойынша экологиялық іс-шаралар туралы ақпарат береді. Адамдар саналы түрде әрекет ету үшін және тұтынуды азайту мақсатында. Күн сайын біз төбе-төбе қоқыстар лақтырамыз, ал олардың көбісі дерлік қайта өңделмейді.
Біз қосымшаны iOs және Android тұғырнамаларында бірден құру мақсатында, аздап кешіктіріп жатырмыз. Сол себепті ол осы жылдың сәуір айында жарық көреді.
Фестиваль аяқталды. Әрі қарай не болады?
Британдық кеңесші, Роуэн Кеннеди: Әрине жоба идеясы әрі қарай жалғаса бергенін қалар едік. Үш жыл ішінде, біздің ортақ ісімізді жалғастырып отырған, белсенділер қоғамдастығы құрылды. Жобаны жалғастыру жоспарымызда жоқ, алайда серіктестер арасында,ы байланысты дамыта береміз, және, мүмкін, ортақ жобаларда біріге жұмыс атқарармыз.
Алматы қаласын дамыту орталығы, Ерқанат Зайытов: Ең бастысы, жоба әкімдікке жұмыстың нәтижелі үлгісін және Алматы тұрғындарымен өзара әрекеттестікті көрсетті. «Біз Алматы» жобасы басқа мекемелерге үлгі бола білді және бұл болашақта өз нәтижесін берері анық.
«Біз Алматы», Данияр Мұқитанов: Алғашқы форумдарда спикерлерді шығуға көндіруге тура келді, және қала тұрғындарының әкімдік тарапына деген күмәншілдік болды. Бүгінгі таңда апта сайын дерлік Алматы қаласы әкімдігінің қалалық жоспарлау және урбанистика Басқармасында қоғамдық тыңдаулар өткізіледі.
Оларға енді ортақ мәселелерді шешу үшін және жиналыс өткізу үшін «Біз Алматы» жобасының бастамасы қажет емес. Бұл үлкен өзгерістер көрсеткіші.
Мен үшін ең бастысы – қарым-қатынас мәдениетін өзгерту. Сонымен қатар, біз тәлімгерлер, қала тұрғындары, белсенділер және әкімдік арасындағы байланысты нығайттық. Біз ілгерілеу тереңдігін бақылаудамыз, алайда қала мен тұрғындарға кең өріс алуға бағдар бар.
Біз мүмкіндігінше көптеген адамдар мен мекемелерді байланыстыруға бар күшімізді салдық. Мұндай желі өз еркімен күнелте береді және және оны сырттай қоректендірудің қажеті жоқ.
«Біз Алматы» өз уақытында берік байланыстармен бейресми комьюнити орнатты. Жоба аяқталуымен қоғамдастық ыдырамайды және біз бір бірімізге көмектесіп отырамыз. Сонымен қатар, серіктестер де, ұйымдар секілді, қатысушыларды өз жобаларына еліктіріп отырады.
Сондай-ақ, ең бастысын атап өту керек, «Біз Алматы» жобасы – тәжірибесі біздің туған қаламыздың және бүтіндей алғанда еліміздің мәнмәтінінде алғаш қолданылған сөзсіз табиғи жоба. Осылайша, диалог басталды: ортақ болашақ, үздік келешек, даму, ортақ мақсат пен міндеттер туралы. Үдеріс іске қосылды!
«Біз Алматы» жобасы Еуропалық Одақтың қаржылық қолдауымен Британдық Кеңес, Алматы қаласының әкімдігі, Алматы қаласын дамыту орталығы және Қазақстан-Британ техникалық университетінен құралған серіктестер одағымен іске асырылды.
The Steppe.