«Open Almaty» жобасы «Любляна форум-2017» конкурсында ең үздік жобалардың бірі ретінде танылды

13.10.2017

36708 6 v almaty otkrylas obsh ru

 

«Open Almaty» жобасы Словенияда өткен »Любляна Форум – 2017» көрмесінде ең үздіктердің бірі болып танылды және Оңтүстік-Шығыс Еуропа елдері арасында »Қалалардың болашағы» номинациясы бойынша екінші орынды иеленді. Жыл сайын өтетін сыйлықақының мақсаты Smart City дамыту саласындағы жаңашыл жобаларды анықтау және марапаттау болып табылады. Бірінші орынды Мариборский (Словения) «wCycle» жобасы, үшінші орынды Загреб (Хорватия) жобасы иемденді.

«Любляна Форум-2017» - бұл қала басшыларын, өңірлік ынтымақтастық кеңесін, Еуропалық комиссия мен Еуропалық Парламентті, Еуропалық инвестициялық банкті, үкімет өкілдерін, өнеркәсіп өкілдерін және т.б. біріктіретін жыл сайынғы форум. 200-ден астам қатысушы үшін қалаларды тұрақты дамыту саласындағы білім мен тәжірибені біріктіру басты тақырып болды.

«Smart City» бағыты бойынша Алматы қаласын дамыту »Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының және »Алматы-2020» қаланы дамыту бағдарламасының жобасы шеңберінде жүзеге асырылады. Жоба қаланың тұрмыс саласының әр саласына заманауи технологияларды енгізуді, өмір сапасының жоғары деңгейін, ұтқырлықты және халықтың қала өміріне белсенді қатысуын көздейді.

Естеріңізге сала кетейік, «Smart City» тұжырымдамасын іске асыру аясында қыркүйек айында Алматы қаласы әкімдігінің «Open Almaty» қоғамдық қабылдау бөлмесі іске қосылды. Бұдан басқа, порталда қалалық қызметтердің жұмыс жоспарымен танысуға болады (көшелерді, аулаларды жөндеу, саябақтар мен скверлерді абаттандыру). Қабылдау бөлмесіне www.open-almaty.kz интернет-порталы арқылы,  1308 call-орталығына қоңырау шалу арқылы  жүгінуге болады немесе Байзақов көшесі, 280 мекен-жайында орналасқан фронт-офиске барып, өтініш білдіруге болады.

Letter of congradulation for the city of ALMATY