Алматы қаласы әкімдігінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында жасыл экономика басқармасының басшысы Ержан Сейтенов «Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы» заңға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар аясында жасыл қорды дамыту перспективалары туралы айтты. Сондай-ақ баспасөз мәслихатына «Алматы қаласын дамыту орталығы» АҚ басқарушы директоры Батыр Әлімжанов пен Қазақстанның көгалдандыру қауымдастығының президенті Татьяна Антоненко қатысты.
Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылғы 28 желтоқсанда ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы» ҚР Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі құжатқа қол қойды. Алматы әкімдігі жаңа 28 құзіретті енгізуге бастама жасады, оның ішінде жасыл экономиканы дамытуға назар аударылды.
Алматы әкімдігінің жаңа құзыреттерінің бірі - Алматы қаласының жасыл желегін күтіп ұстау мен қорғаудың жеке ережесін әзірлеу мен бекіту мүмкіндігі.
Жаңа ережелерді әзірлеу мегаполистің жасыл қорын дамыту жөніндегі жұмыс тиімділігін арттырады. Атап айтқанда, бұрыннан бар проблемаларды шешу тетіктері енгізіледі. Олар – стандарттар, регламенттер, нұсқаулар, әдістемелік тұжырымдамалар. Бұлардың барлығы елдімекендердің аумағында өсетін жасыл желекті күтіп ұстау және қорғау, рұқсат құжаттары болмаса да, ағаш кесуге жол бергендерге қайта ағаш отырғызу нормаларын реттейтін болады.
Е. Сейтеновтың айтуынша, ағаштарды заңсыз кесу кезінде жасыл қорға келтірілген залалды есептеу әдістемесі болмады, жасарту, кронды қалыптастыру, жасыл желектерді санитарлық кесу үшін рұқсат алудың талап етілмеуі бұл жұмыстармен нақты тәжірибесі жоқ адамдардың айналысуына әкеліп соқтырды. Салдарынан осының барлығы жасыл желектердің түрі мен жай-күйінің нашарлауына алып келді.
Жасыл желекті ұстау мен қорғаудың жаңа ережелеріне оларды жасарту, санитарлық кесу, жасыл желекті күтіп баптау жөніндегі технологиялық нұсқаулар, заңсыз кескені, жасыл желекке залал келтіргені үшін жауапкершілікке тарту, қаланың жасыл қорын қорғау нормалары енеді.
Е. Сейтенов жаңа ережелерді әзірлеу үшін жұмыс тобы құрылғанын, оның құрамына сарапшылар қоғамдастығының, жұртшылықтың және ғылым өкілдерінің енгенін айтты. Қазір ереже жобасы 90%-ке дайын.
Жаңа ережелердің жобасына бірқатар жаңа нормалар енген. Олардың негізгілері:
1. Ағаштарды санитарлық кесу, жасарту Алматы әкімдігінің келісімімен ғана жүргізіледі;
2. Әкімдіктің рұқсатымен санитарлық жолмен немесе әдейі кесілген ағаштардың орнына жасыл желектер қайта отырғызылады, магистральды көшелердің бойына діңгегі 20-25 см болатын жапырақты ағаш түрлері отырғызылады, қылқан жапырақты ағаштардың биіктігі кемдегенде 2,5 метр (І немесе ІІ сыныпты сапа) болуы тиіс;
3. Жұлынған ағаш шығынын өтеудің әдістемесі жасалды, соның арқасында келтірілген залалдың нақты құны анықталады;
4. Ағаш апатты жағдайда жұлынса, оның орнына отырғызылатыны – 1-ге 1, мәжбүрлі отырғызылатыны – 1-нің орнына 10, заңсыз жұлынғаны үшін – 1-нің орнына 100;
5. Жасыл желектердің кепілдік мерзімі – 3 жыл;
6. Ортақ пайдаланудағы жерлерде жасыл желекбар аумақтарды күтіп ұстау жөніндегі бағдарламаәкімшілері жыл сайын ерте көктемде, көктемгі-жазғы, жазғы және жазғы-күзгі кезеңде кемінде 4 рет жасыл желекті зиянкестер мен аурулардан сауықтыру және қорғауіс-шараларын ұйымдастырып, өткізеді.
Ережежобасы кеңінен талқылау үшін ашық көздерде жарияланады, оның ішінде Алматы қаласыжасыл экономика басқармасының ресми сайтында. Ниет білдірушілердің барлығы жасыл қорды жақсарту жөніндегі ұсыныстарын жібере алады.
«Жасыл желекті күтіп ұстау және қорғау жөніндегі жаңа ереже «Атамекен» ҰКП-мен және басқа да мүдделі органдармен, ұйымдармен келісілген соң,бекіту үшін Алматы қаласының маслихатына ұсынылады», - деп түйіндеді Е. Сейтенов.