2016 жылдың 11 қарашасында Қазақстан-Британ техникалық университетінде «Smart Almaty тұжырымдамасын құру» тақырыбында диалогтік алаң өтті.
Кездесудің мақсаты жұртшылықты әзірленіп жатқан жобамен таныстыру, диалогты қамтамасыз ету және Smart Almaty жобасын дамыту бойынша идеялар және ұсыныстармен пікір алмасу.
«Алматы қаласын дамыту орталығы» АҚ Басқарма төрайымы Жанна Төлегенова Тұжырымдаманың даму кезеңдері туралы айтып берді. Жоба бойынша жұмыс ,80–нен астам қалалық ұйымдарды зерделеуді, 21 »ақылды» қалалардың халықаралық тәжірибесін талдауды, енгізілетін жобалар үшін бірыңғай техникалық талаптарды әзірлеуді, сондай-ақ, іске асырудың қаржылық үлгілерін қамтитын мастер-жоспардың өзін дайындауды қамтиды.
«Алматы қаласын дамыту орталығы» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Абылайхан Оспанов өз сөзінде Smart Almaty тұжырымдамасының алты басым бағыттары – »Ақылды қала«, "Ақылды көлік«, "Ақылды ТКШ«, "Қауіпсіз қала«, "ақылды қызметтер«, "Денсаулық сақтау» және »Білім беру«, бойынша әзірленетін алдын ала жобалар туралы айтып берді. Өз сөзінде, ол сонымен қатар, 5-тен 1,42 балды құраған Алматы қаласының жетілу деңгейін бағалау нәтижелерін ұсынды. Бұл процестер мен технологиялардың жетілуі жобаларды орталықтандырылған үйлестірудің болмауымен және департаменттер арасындағы белсенді ынтымақтастық жоқтың қасы екенін көрсетеді.
Үшінші спикер ретінде Азия және Тынықмұхиты, IDC аймағындағы Government және Education бағытының жетекшісі Джеральд Ванг сөз сөйледі. Ол »ақылды» қалалардың үздік әлемдік тәжірибелерінің презентациясымен сөз сөйлеп, олардың әрқайсысының күшті жақтарын қозғады. Сингапурдың үздік тәжірибесі - »ақылды» мобильді шешімдер. Оклендтің байсалды тұсы - »ақылды» қалалық жоспарлау. Сурат пен Пекин қалалары »Қауіпсіз қала» бағытында сәтті болды, ал Шанхай қаласы »ақылды» туризм мен мәдениетте көзге түсті. Сондай-ақ, сандық экономиканың жаңа, үшінші фазасы басталатынын және IDC компаниясы 2007 жылы бірінші рет үшінші платформаның тұжырымдамасын қалыптастырғанын хабарлады, ол қазіргі уақытта ақпараттық технологияларда 90%-дан астам өсуді қамтамасыз етеді. Ол төрт прогрессивті технологиядан тұрады: бұлтты есептеулер, әлеуметтік желілер, мобильді технологиялар және Big Data (ағылш. — »үлкен деректер«).
Келесі болып, «Алматы» ӘКК ҰК АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Алтай Бердіқұловтың сөз сөйледі. Ол »Жол қозғалысы қауіпсіздігі» автоматтандырылған ақпараттық жүйесін құру жобасы туралы айтты. Жоба аясында ЖҚЕ бұзған жағдайда және көлік құралдарын фото –, бейнетіркеу мүмкіндігін беретін 270 бейнекамералар орнатылды. Тыңдаушыларды жүйенің негізгі міндеттерімен және функцияларымен таныстырды.
Іс-шара, тыңдаушыларды Data driven CITY жобасымен таныстырған, «Көркем телеком» ЖШС-нің Директоры Қайрат Ахметовтың презентациясымен жалғасын тапты. Бұл жоба жол үстіндегі қауіпсіздікті арттыру және апаттылықты төмендету, ЖКО алдын алу, көлікті мемлекеттік нөмір бойынша жедел іздестіру және көлік инфрақұрылымына түсетін жүктеменің талдау есебі үшін құрылды.
«Алматы көлік холдингі» ЖШС-і директорының орынбасары Владимир Смирнов 114 қалалық маршрутты қамтыған қоғамдық көліктің диспетчерлік орталығы туралы айтып берді. Ол сондай-ақ, »Жүргізуші көмекшісі» ПАК Терминалының, веб–порталдың және Citybus мобильді қосымшасының және ОҢАЙ жобасының тақырыптарын жан-жақты ашты.
«Спецтехпаркингсервис» ЖШС-нің ақпараттық технологиялар жөніндегі директоры Роман Налепов Алматы қаласындағы автоматтандырылған автотұрақтар және олардың келешектегі дамуы туралы баяндады.
Іс-шара «Eco-park company» ЖШС директоры Ринат Есенғазының сөз сөйлеуімен аяқталды. Өз презентациясында ол эксперименттік режимде LoRaWan технологиясы бойынша қалалық сымсыз желіні енгізу тәжірибесі туралы айтты.