«Open Almaty» тәжірибесіне Қырғызстанның мемлекеттік қызметкерлері қызығушылық танытты

17.11.2017

6

Қырғыз Республикасынан келген Ханнс Зайдель қорының шәкіртақы бағдарламаларының түлектері Алматы қаласы әкімдігінің «OpenAlmaty» қоғамдық қабылдау бөлмесінде болды. Делегация құрамында аппарат басшылары, ауылдық округтердің жауапты хатшылары, депутаттар және қор өкілдері болды. Делегацияны Орталық Азиядағы Ханнс Зайдель неміс Қоры жобасының жетекшісі Доктор Макс Георг Майер басқарды.

общее 1

Кездесу барысында, «OpenAlmaty» қоғамдық қабылдау бөлмесінің фронт-офисінің жетекшісі Нұрлан Жайлаубай негізгі қызметі, мұнда көрсетілетін қызметтердің түрлері турлы, іске қосылған мемлекеттік органдар туралы айтып берді.

«OpenAlmaty, қала тұрғындарының өтініші, сатыдан сатыға сенделмей, бір кеңсе ішінде ең сұранысқа ие мемлекеттік органдардың қабылдауымен, »жалғыз терезе» қағидаты бойынша жұмыс істейді. Бұл бүкіл қала бойынша  ұйымдардың арасындағы аумақтық алшақтықты ескере отырып, аса өзекті орталық екені дәлелденген. Енді жолға уақыт жұмсаудың, ғимаратқа рұқсатнама алудың, ұялы телефонды тапсырудың және т.б. машақаттардың  қажеті жоқ. Енді тек, тіптен балаларға арналған ойын алаңы да бар,  жанға жайлы етіп жасалған фронт-офиске келіп, бір жерден өз мәселеңізді шешіп кетесіз. Сонымен қатар, OpenAlmaty - ға өтініштер онлайн және телефон арқылы да қабылданады«, - деп атап өтті Н. Жайлаубай.

Қоғамдық қабылдау орталығының жұмысын Ханнс Зайдельдің Орталық Азиядағы неміс Қоры жобасының жетекшісі Макс Георг Майер мырза да атап өтті.

доктор

«Қазақстанда Ханнс Зайдель қорының Астанада филиалы бар, біз 2007 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясымен ынтымақтасамыз. Мемлекеттік басқару Академиясы осы экскурсияның бірлескен ұйымдастырушысы болып табылады. Біздің мақсатымыз - екі мемлекет арасындағы ынтымақтастықты дамытуға жәрдемдесу және Қырғызстаннан келген мемлекеттік қызметкерлер сіздің тәжірибеңізді қабылдай алуы үшін Алматы қаласы әкімдігінің озық тәжірибесімен танысу. Мен өте таңқалдым, мен өзімді үйде, Германияда, Баварияда отырғандай  сезінемін. Бізде де Халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмыс істейді. Сіздің орталығыңыздың ашылуы Алматы қаласының әкімдігі адамның басымдығын бәрінен жоғары қойып отырғанын көрсетеді және Мен сізді сәтті жобамен құттықтаймын. Азаматтар үшін Үкіметтің қолжетімділігін қамтамасыз ету жөніндегі саясатты одан әрі іске асыруда табыстар тілеймін!«- деп бөлісті Макс Георг Майер.

DSC02622

Анықтамалық:

«OpenAlmaty» жобасы Словенияда өткен »Любляна Форум - 2017» байқауында ең үздіктердің бірі болып танылды және Оңтүстік-Шығыс Еуропа елдері арасында »Қалалардың болашағы» номинациясында екінші орынға ие болды.

«Любляна Форум-2017» - бұл қала басшыларын, өңірлік ынтымақтастық Кеңесін, Еуропалық комиссия мен Еуропалық Парламентті, Еуропалық инвестициялық банкті, үкімет өкілдерін, өнеркәсіп өкілдерін және т.б. біріктіретін жыл сайын өтетін форум. 200-ден астам қатысушылар үшін қалаларды тұрақты дамыту саласындағы білім мен тәжірибені біріктіру басты қарқын болды.