Алматы қаласы әкімдігінің Open Almaty қоғамдық қабылдау орталығына Парламент Мәжілісінің депутаттары Снежанна Имашева мен Балайым Кесебаева келді. Smart City тұжырымдамасы аясында 2017 жылы іске қосылған «Open Almaty» түрлі өмірлік жағдайларды шешу және халыққа қызмет көрсетуге бағытталған бірегей жоба. Сонымен қатар мемлекеттік органдардың жұмыс тиімділігін арттырып, ашықтығын қамтамасыз етуді көздейді.
«Жергілікті атқарушы органның тұрғындар үшін барлық сұрақтарына бір орында жауап алуына барынша ыңғайлы жағдай жасауы қуантады. Мұндай орталықтарды дамыту қажет. Бұл өте жақсы. Барлығы ыңғайлы, электронды. Жергілікті атқарушы органның қала тұрғындарына тағы бір қадам жақын бола түсуіне тек қуанамыз және мұндай бастаманы толық қолдаймыз», - деп атап өтті Мәжіліс депутаты Снежанна Имашева.
Қаланың әрбір тұрғыны немесе қонағы түрлі қызметке қатысты өз ұсынысы мен шағымын қала әкімдігінің қоғамдық қабылдауына www.open-almaty.kzпорталы немесе 338 33 88 телефон нөмірі, ұялы байланыс үшін 1308 нөмірі арқылы жолдап, жауап ала алады. Қоғамдық қабылдаудың фронт-кеңсесінде жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, жолаушылар көлігі, табиғи ресурстар мен сәулет басқармалары, қалалық прокуратура, полиция, мемлекеттік кірістер департаменті, ТЖД, Кәсіпкерлерұлттық палатасының өкілдері, медиаторлар қызмет көрсетеді.Open Almaty орталығының басшысы Жанна Асанова мәжіліс депутаттарын орталық жұмысымен жан-жақты таныстырды.
«Бір терезе режимінде толыққанды кеңес алуға болады. Ал қажетті құжаттарды қарап, мән-жайын ұзақ анықтауды талап ететін күрделі шағымдар болса, мәселенің сипатына қарай тиісті органдарға жіберіледі. Бізде аудармашы да бар. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының өкілдері орналастырылған. Жәрдемақыға қатысты сұрақтармен келетін адамдар көп. Тұрғын үй көмегі де, әсіресе зейнеткерлер арасында сұранысқа ие қызмет».
Яғни, тұрғындар түрлі мекемелердің табалдырығын тоздырмай бірден Open Almaty-ға жүгініп, ПИК-тің жұмыс сапасынан бастап азаматтық дауларға дейін түрлі мәселелерін шеше алады немесе кеңес ала алады. Open Almaty орталығының басшысы Жанна Асанова фронт-кеңседе психолог-медиаторлар да бар екендігіне тоқталды:
«Бізде адамдармен психолог-медиаторлар жұмыс істеген жағдайлар болды. Әдетте шағымдардың көбі азаматтық дауға келіп тіреледі. Ал шағымданушынікі әрқашан дұрыс бола бермейді. Сол кезде біз барлық тарапты, заңгерлерді, медиаторлардыдөңгелек үстел басына жинаймыз, олар бір-бірімен дауласады, бірақ нәтижесінде риза болып қайтады»
Парламент мәжілісі депутаттарының пайымдауынша, өзге өңірлер «Open Almaty»-дан үлгі алып, тұрғындарға ыңғайлы жағдай жасау үшін осындай орталықтар ашуы қажет.