Қаланың қоғамдық кеңістіктерін, саябақтарды, гүлбақтары мен бульварларды дамыту - »Жайлы қала» атты Алматы қаласын дамыту бағдарламасының басым міндеттерінің бірі болып табылады. Алматы аумағында 130-дан астам көгалдандырылған аумақ орналасқан, олардың жалпы көлемі 1355 га.
2017 жылғы 28 қаңтар мен 9 ақпан аралығында урбанистика Орталығы қалалық саябақтар мен гүлбақтарының 22 нобайлық жобасын әзірлеу бойынша алғашқы ашық қалалық шеберхана өткізді. Саябақтарды абаттандыру бойынша талқылауға сәулетшілер, урбанистер, ландшафт дизайнерлері, әлеуметтанушылар, экологтар, креативті қауымдастық өкілдері және қаладағы жайлы тұрмыстың дамуына өз үлестерін қосқысы келетін қарапайым тұрғындар қатысты.
Қайта құру нұсқалары Urban Forum Almaty, Urban Talks, City Solutions Қалалық шешімдер мектебінің, »Жасыл құтқару» экологиялық қоғамының және Orange Apple корпоративтік оқиғалар шеберханасының қатысуымен қарастырылды. Сонымен қатар, ашық шеберхананың қатысушылары мәскеулік сарапшылардың басшылығымен қоғамдық кеңістіктерді жобалау - »Мегабудка» архитектуралық бюросы саласындағы қарқынды воркшоп өтті.
5 ақпанға дейін командалар жоба алдындағы талдаулар, әлеуметтік сауалнамалар мен зерттеулер жүргізді, әр саябақ пен гүлбақтарының мәселелері мен әлеуетін анықтады. Өткізілген жұмыс нәтижесінде, қатысушылар халықаралық және жергілікті сарапшыларды нобайлық жобалардың қолжазбалық нұсқаларымен таныстырды.
Ашық шеберхананың соңында, сарапшылардың түсініктемелері мен ұсыныстарын, қоғамдық пікірді, тұрғындардың қажеттілігін, тұжырымдамалық және тәжірибелік дизайнерлік шешімдерді ескеретін 22 эскиздік жоба әзірленді. Бұдан әрі жобалық-сметалық құжаттама әзірленетін болады, ол бойынша 22 саябақты абаттандыруды іске асыру жоспарланып отыр.:
Халық саябағы
Концепт: сауықтыру маңызы бар саябақ.
Мақсаты: жазғы уақытта ғана емес, қысқы уақытта да демалуға және денсаулық үшін пайдалы уақыт өткізуге болатын саябақты құру.
«Саялы» гүлбағы (ұсынылған атауы »Әткеншектер саябағы«)
Концепт: тарихи - мәдени құрамы бар әткеншектер сабағы.
Мақсаты: белсенді және жайлы демалыс өткізу үшін жасыл аймақты құру және дамыту.
«Ақсай 4» Гүлбағы
Концепт: жаяу жүргіншілер үшін жайлы транзит.
Мақсаты: әр түрлі жастағы адамдардың демалыс және бос уақытын өткізу орындарын құру.
«Қаздрамтеатр» гүлбағы
Концепт: »Мәдениет, Махаббат, Метро - 3М» брендтеу ұсынылады.
Мақсаты: »абаттандырудан — әл-ауқатқа» пікірін іске асыру арқылы халықтың тұрмыс сапасын арттыруда көрініс табатын көп компонентті әлеуметтік кластер құру.
«Офицерлер үйі» гүлбағы
Концепт: «28 Панфиловшылар» саябағымен өзара байланысты қалпына келтіру.
Мақсаты: гүлбағын транзит ретінде пайдалана отырып, жаяу жүргіншілер үшін қолайлы аймақ құру.
«Биокомбинат» гүлбағы
Концепт: »қызыл саябақ» - жастық, спорт, қозғалыс.
Мақсаты: балаларға, үй жануарлары қожайындарына, әкімшілік мекемелерге келушілерге серуендеуге және спортпен шұғылдануға арналған орын құру.
«Аро» гүлбағы
Концепт: жүгіру-серуенде - жолды таңдау.
Мақсаты: орталықтағы тұрғын үй тұрғындарын қолайлы транзит және серуендеу аймағын құру.
«Шұғыла» гүлбағы
Концепт: мәдени орталық мәртебесін қайтару.
Мақсаты: жастар мен үлкен тұрғын үй массивінің тұрғындары үшін тартымды саябақ құру.
«Думан» гүлбағы (ұсынылған атауы »Тексай«»)
Концепт: қуаныш әкелетін жол.
Мақсаты: өзен бойында қолайлы және қауіпсіз транзитпен қамтамасыз ету, жергілікті халықтың кез келген топ мүшелері үшін босуағын өткізуге ыңғайлы етіп ұйымдастыру.
«Әуежай Даңқтары« гүлбағы
Концепт: авиация тақырыбындағы мәдени-ойын-сауық гүлбағы.
Мақсаты: жергілікті тұрғындар үшін жайлы рекреациялық кеңістік құру.
«Қ. Сәтпаев» гүлбағы
Концепт: геологиялық қимамен спираль тәрізді созылмалы.
Мақсаты: гүлбақты және университетті біріктіру және демалу үшін қолайлы аймақ құру.
«Достық » гүлбағы
Концепт: кеңістікті өзенмен композициялық байланыстыру.
Мақсаты: жаңа технологияларды ескеретін жайлы кеңістік құру.
«Байқадамов» бульвары
Концепт: әртүрлі учаскелерге ауысу үшін ыңғайлы транзит.
Мақсаты: әр түрлі жастағы жергілікті тұрғындардың демалуы үшін инфрақұрылым құру.
«Оқушылар сарайының» гүлбағы
Концепт: жаңашылдықты тарихи кластерге интеграциялау.
Мақсаты: қазіргі тарихи-мәдени құрамдас аймаққа жаңа конструктивтік идеяларды енгізу.
«Балалар шығармашылық үйі» гүлбағы
Концепт: сыртқы тарихи келбетін сақтай отырып, жаңа технологияларды енгізу.
Мақсаты: қала тұрғындары үшін қолжетімді көпфункционалды гүлбағын құру.
«Балалар» саябағы
Концепт: балаларға арналған әр түрлі жануарларды қамтитын танымдық-білім беру әлемі.
Мақсаты: толық мөлшерде жануарлармен жасанды хайуанаттар паркін дамыту.
«Госмузей» саябағы
Концепт: адамдарды еліктіретін қауіпсіз және жайлы орын.
Мақсаты: қала тұрғындары бос уақытын белсенді өткізу үшін тартымды қоғамдық кеңістік құру.
«Журналистер» гүлбағы (ұсынылған атауы »Н.А. Тілендиев атындағы»)
Концепт: қазіргі жағдайды барынша ескере отырып өзгерістер енгізу.
Мақсаты: келушілердің санын көбейту үшін жаңа функцияларды қосу және транзиттік байланыстарды жақсарту.
«Сейфуллин» Саябағы
Концепт: қол жетімділікті арттыру.
Мақсаты: барлық жас топтары үшін рекреациялық кеңістік құру.
Маяк тоғайы және Жас Қанат жағалауы (ұсынылған атауы »Аэропарк»)
Концепт: қаланың қақпасы - ұшып жүргендей сезімде болатын аумақ.
Мақсаты: қалалық маңызы бар парк құру.