Қазіргі заманауи форматқа сай сауда орталықтарын салумен байланысты жаңғырту 2018 жылдың соңына дейін »Айнабұлақ«, "Қарқара«, "Мехриниса» және »Алатау» (4-ші блок) базарларында аяқталады. Құрылысқа салынған инвестициялардың жалпы көлемі 7 млрд теңгеден асады. Сонымен қатар, жақын арада »Бахар«, "Үміт«, "Кенжехан-2«, "Тастақ«, "Ялан«, "Алтай» және »Рахат» базарларының келбеті де айтарлықтай өзгереді. Бұл туралы »Сауда мен логистиканы дамытудың заманауи трендтері: базарлар мен сауда орталықтарынан е-commerce пен көтерме-тарату орталықтарына» атты дөңгелек үстел барысында белгілі болды.
Сауда объектілерін халықаралық стандарттарға келтіру Алматы қаласының Мастер-жоспарының тұжырымдамасына сәйкес жүргізіледі, онда қалалық ортаның дамуы ескеріледі.
«Біз Панфилов жаяужол көшесінің мысалын көріп отырмыз: қазір онда сауда, коммерция, соның ішінде кәдесый өнімдерін сату қалай дамып келеді. Біз бұл сауда алаңдарын ұйымдастырудың мүлдем жаңа тәсілдері екенін көріп отырмыз. Олар бүгінгі күні СБО қолданатын тәсілдерден айтарлықтай ерекшеленеді. Соңғы зерттеулер көрсеткендей, адамдар сауда-ойын-сауық орталықтарына соңғы кездері сауда жасау үшін емес, көбіне көңіл көтеру мақсатында барады. Осы дөңгелек үстел үстінде біз теріске шығарғымыз келген, немесе құпталатын мифтердің бірі - электрондық коммерцияның күннен күнге дамып келе жатқанын ескере отырып, СБО - ойын-сауық, білім беру орталықтарына ғана қайта мамандану керек пе деген ой туындайды«, - деп, сауда-саттық-логистикалық саладағы трендтердің қалалық ортаға әсері туралы »Алматы қаласын дамыту орталығы» АҚ Басқарма төрағасы Жанна Төлегенова өз сөзін жеткізді.
Іс-шара қатысушылары ҚХР және Қырғызстан арасындағы онлайн-сату және шекара маңындағы сауда нарығының дамуымен, Алматы, өңірдегі бірыңғай үлестіру орталығының позициясын жоғалтып отырғанын атап өтті.
Дегенмен, оңтүстік астана республикадағы негізгі сауда орталығы болып қала береді - 27,9% немесе 2,5 трлн. (жалпы республикалық көрсеткіште бөлшек сауданың үлес салмағы бойынша 1 орында). Бүгінгі күні қалада 20 мыңнан астам көтерме және бөлшек сауда кәсіпорындары, 128 сауда орталықтары мен үйлер, 29 сауда желілері жұмыс істейді, оның ішінде 13 азық-түлік және 16 азық-түлік емес бағыттар. Соңғы 3 жылда 100 млрд теңгеден астам инвестициясы бар 16 ірі сауда нысаны және 20 мың жұмыс орны ашылды.