Алматы қаласын дамыту орталығы қаланың халықаралық әуежайы ұсынатын қызметтердің сапасына зерттеу жүргізді.
Зерттеу шеңберінде, жолаушыларды тіркеу бекетінде, паспорттық бақылау қызметінде, әуежайдың анықтама бұрышында, туристік ақпараттық орталықта, тамақтану орындарында көрсетілетін қызметтердің сапасы зерттелді.
Зерттеу SERVQUAL әдістемесі бойынша жүргізілді. Қызмет сапасын өлшеудің бұл әдістемесі тұтынушылардың қызмет көрсету сапасына және тұтынушылардың нақты көрсетілген қызмет сапасын қабылдауына қатысты күтулерін өлшеуді жүргізуге негізделген. Бұл әдіс қызмет тұтынушыларына арнайы әзірленген сауалнама бойынша сауалнаманы пайдалануды көздейді.
Зерттеу барысында 210 сауалнама таратылды. 147 адам немесе 70%-ы дұрыс толтырып, қайтарды; 63 адам немесе 30%-ы толтырудан бас тартты немесе дұрыс толтырмады.
«Зерттеу нәтижелері бойынша, анықтамалық және туристік ақпарат орталығының қызмет көрсету сапасы ең төменгі көрсеткіштерді көрсетті, әуежай аумағында орналасқан тамақтандыру пункттерінің жолаушыларға қызмет көрсетуі ең жоғары көрсеткіштерді көрсетті«, — деп атап өтті Орталық Басқармасының төрайымы Жанна Төлегенова.
Барлық зерттелген бөлімдерде, көрсетілетін қызмет сапалары төмен деңгейлі екені анықталды. Бұл жолаушылардың көрсетілетін қызметтердің сапасына қанағаттанбауын көрсетеді: шын мәнінде олардың көңіліннен шықпайды, бұл өз кезегінде әуежайдың жалпы қызмет көрсету сапасына жағымсыз пікірді қалыптастырады. Бұл көрсеткіш минус 2,5 баллға тең. Мұндай көрсеткіштер әуежайды материалдық қамтамасыз ету, қызметкерлердің жолаушыларға қызмет көрсету кезінде қайырымды, тіректі, өз өзіне сенімді болуы және бұл ретте олардың мәселелеріне немқұрайлы қарамау және оларды шешуге ұмтылу, әуежай бойынша, шын мәнінде, сапалы қызмет көрсету арқылы жолаушылардың көңілінен асып түсерліктей етіп жетілдіруді қажет етеді.
Сонымен қатар, жолаушылар, тамақтандыру пункттерінде жолаушыларға қызмет көрсететін қызметкерлердің қайырымдылығы мен сенімділігі бойынша оң көрсеткіштер көрсетті. Барлық жиналған деректердің арасында бұл жалғыз оң көрсеткен көрсеткіштер.
Естеріңізге сала кетейік,» Алматы қаласын дамыту орталығы» Әріптестік бағдарлама аясында, іріктеуден сәтті өткен 106 қоғамдық тамақтану нысаны мен Алматы қаласының 84 орналастыру орны бойынша қонақжайлылық деңгейіне кешенді зерттеу жүргізді. Объектілер 6 бағыт бойынша бағаланды (қарсы алу, қажеттіліктерді анықтау, байланысу және сату, жанжал және наразылықтармен жұмыс, қоштасу және жалпы ескертулер). Қорытынды баға клиентке бағдарланған 4 деңгей бойынша берілді – өте жақсы, жақсы, қанағаттанарлық және қанағаттанарлықсыз. Зерттеу »Құпия сатып алушы» әдісімен жүзеге асырылды.