Алматы қаласын дамыту Орталығы «Smart Almaty» жобасының негізгі кезеңін жүзеге асыруға кірісті

24.08.2016

lego 349955 960 720

Бүгін, 24 тамызда,» Алматы қаласын дамыту орталығы» АҚ ҚБТУ инжиниринг және ақпараттық технологиялар институтымен және IDC халықаралық консалтингтік компаниясымен құрылған консорциуммен шартқа қол қойды. Консорциум «Smart Almaty» жобасының тұжырымдамасын әзірлеу конкурсының жеңімпазы болып табылады. Шартқа сәйкес, Тұжырымдама »Алматы қаласын дамыту орталығы» АҚ-мен бірлесіп әзірленетін болады.

IDC компаниясы бұндай тұжырымдамаларды Эр-Рияд (Сауд Арабиясы) және Нью-Йорк (АҚШ) қалалары үшін құру аясында тәжірибе жинады. ҚБТУ инжиниринг және ақпараттық технологиялар институтының қалалық және республикалық деңгейдегі ақпараттық-талдау жүйелерін автоматтандыру және әзірлеу нарығында айтарлықтай тәжірибесі бар. Жергілікті және халықаралық нарықтардағы тәжірибені біріктіру, әзірленетін Тұжырымдаманың тиімділігі мен өзектілігін қамтамасыз етеді.

Тұжырымдама »Ақылды көлік«, "Ақылды ТКШ«, "Қауіпсіз қала«, "Ақылды қызметтер«, "Денсаулық сақтау» және »Білім беру» сияқты басым бағыттарды дамытуды көздеуі тиіс.

«Smart Almaty» жобасының тұжырымдамасын жасау бойынша жұмыс, Алматы қаласының ақпараттық-коммуникациялық технологияларының ағымдағы жай-күйін зерделеуді, олардың жетілуі мен одан әрі дамуын бағалауды қамтиды, ол қолданыстағы және перспективалық жобаларды, оның ішінде »Электрондық үкімет» жобасын біріктіруді қамтамасыз етуі тиіс.

Сондай-ақ, келісім-шартқа сәйкес әлемнің 20 қаласы мысалында »Ақылды қала» жобасын табысты іске асыру тәжірибесін зерделеу бойынша жұмыс жүргізілетін болады. Бұл қала ішіндегі ағымдағы және жоспарланған ахуалды салыстырмалы бағалауды жүргізуге және Алматы үшін басым бағыттарды ескере отырып, үздік технологиялық шешімдерді енгізуге мүмкіндік береді.

Тұжырымдаманы үйлестірудің жоғары деңгейін және өзектілігін қамтамасыз ету мақсатында, әкімдіктің жетекші құрамы, Қоғамдық бірлестіктер, бизнес-қоғамдастық өкілдері қатарынан әрбір басым бағыттар бойынша сараптамалық жұмыс тобы құрылатын болады.