Алматы қаласын дамыту орталығы қаланың туристік брендімен таныстырды

19.08.2016

Без имени 1

Бүгін, 23 тамызда, »Алматы қаласын дамыту орталығы» АҚ Басқарма төрайымы Жанна Төлегенова Алматы қаласының туризм және сыртқы байланыстар басқармасымен бірлесіп ұйымдастырған тұсаукесерде қаланың туристік брендін ұсынды. Презентация қонақтары ретінде БАҚ және қала турагенттіктері қатысты.

Туристік брендті құрудың негізгі мақсаттары қаланың танымалдылығын арттыру, туристік тартымдылық, инвестицияны тарту, сондай-ақ қаланың бірыңғай стилін қалыптастыру болып табылады.

Қаланың туристік бренді қазіргі заманғы трендтерді ескере отырып, және мәдени-тарихи дәстүрлерді сақтай отырып, атомның құрылымы -  бөлінбейтін бөлшек екенін еске сала отырып, орындалған.

Ортасындағы алма - бұл ядро, ал оның айналасындағы жеті шеңбер - ядроның ішіндегі 7 энергия орбитасы. Қазақ мәдениетінде жеті саны киелі болып есептеледі, өткенді - халық дәстүрлерін құрметтей отырып, жарқын болашаққа деген ұмтылысты бейнелейді. Қазақтар »жеті атаны» (жеті әкесін) құрметтеп қана қоймай, өзінен кейін жеті ұрпақты атап өтеді. Бұл халықты үлкеннің бір бөлігі ретінде ұғынуға, оның болашақ ұрпаққа деген қамқорлығын білдіреді.

Логотип кодының түсі қазақ ою-өрнектеріне негізделген. Ассоциативті - бұл аспан түсі, Қазақстанның туының, күннің, еркіндіктің, өмір күші мен энергияның, табиғатпен үйлесімділік, шығармашылық жолдағы шабыты мен тазалық түстері.

Төмендегі жазба, мегаполистің қонақтарға ашықтығын және қонақжайлылығын және қаланың туризмді дамытуға көзделгенін білдіретін бүкіл әлемге танымал латын әріптерімен орындалған.

Жазба жасыл және қызыл түстерімен орындалған. Жасыл түс халықтың мәдени ерекшеліктері деңгейінде де, жалпы әлемдік қабылдау деңгейінде де символдық мәнге ие. Дәстүрлі жасыл түс жастықтың және көктемнің символы, өсуін және дамуын білдіруші болып табылады. Әлемдік қабылдауда ол экология және тұрақты даму мәселелерімен теңестіріледі. Сондай-ақ, «Almaty» жазуында бір әріп қызыл түспен орындалған, бұл өмірдің және жасампаз импульстің  белгісі болып табылады.

Бұрын, 2016 жылдың қаңтар айында Сәулет және қала құрылысы басқармасы қаланың бренд-букін құруға конкурс жариялаған болатын ол сол жылдың 6-шы мамырында аяқталды. Байқаудың мақсаты қала құрылысы дәстүрлерін, мәдени мұраларды және заманауи үрдістерді ескеретін қала бренд-букын құру бойынша үздік тұжырымдаманы анықтау болды.

Жұмыстарды іріктеу үшін 14 маманнан тұратын сараптау комиссиясы құрылды, оның ішінде тарихшылар, өнертанушылар, суретшілер, дизайнерлер болды. Сараптама комиссиясының мүшелері келіп түскен 109 өтінімдердің ішінен 25 үздік жұмыстарды іріктеп алды. Бұл жұмыстар - дауыс жинау үшін ғаламторда жарияланды. 3000-нан астам адам қатысқан дауыс беру қорытындысы бойынша ең қызықты 8 жұмыс анықталды. Ең үздік жұмыс ретінде Тигран Туниянц әзірлеген концепция танылды,ол қаланың туристік брендін әзірлеуге негіз болды. Осы брендтің негізінде осы жылдың желтоқсан айында жария болатын бренд-бук әзірленеді.