16.08.2017

Рисунок1

2017 жылдың көктемінде» Алматы қаласын дамыту орталығы » АҚ туризм және сыртқы байланыстар Басқармасымен бірлесе отырып, қала тұрғындары мен дизайнерлердің қатысуымен, туристік соқпақтарды абаттандыру элементтерін әзірлеу бойынша қалалық шеберхана өткізді.

Шеберхана қатысушылары, демалушылар болжаған сапарын, экскурсия немесе серуенді жеңіл және қандай да бір кедергісіз жүзеге асыруға мүмкіндік туғызу маақсатында, жаяу тур жасап, »Просвещенецтен» Көк жайлауға дейінгі туристік маршруттың жай-күйін бағалады.

Ұзындығы 3,8 км созылған соқпақ, қайың және қарағай тоғайлары арқылы өтеді, жотадан Құмбел шыңына, Талғар асуына және оған жақын маңдағы шыңдарға тамаша көріністер ашылады.

Шеберхана барысында, қатысушылар орындықтардың, күркелердің, ақпараттық қалқандардың, маршрут сілтеуіштерінің және абаттандырудың басқа да элементтерінің, жайлы туристік жорыққа ықпал ететін ескерту белгілерінің болуын немесе болмауын атап өтті.

Шеберхана аяқталғаннан кейін, қатысушылар қажетті дизайнерлік шешімдерді анықтады, оның негізінде ұсынылған эскиздердің презентациясын дайындады.

Сонымен қатар, »Медеу» МӨТП және »Іле Алатау» МҰТП аумағында жаяу және экомаршруттарды абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. »Медеу - Көк Жайлау«, "Медеу-Горельник» және »Медеу - Ким Асар» жолдарын абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Болашақта 6 экологиялық соқпақ бойынша жұмыс жүргізу жоспарланып отыр.

9IZeMkHNYe64dm73Ec1zFlI0Lx2GLB