Жедел басқару орталығын (ЖБО) полицияның «жүрегі» десе болады. Дәл осы жерде барлық жедел ақпарат тоғысып, полиция қызметтерінің барлық күштері мен құралдарын басқару, навигация жүзеге асырылады.
Кәдімгі кезекші бөліммен салыстырғанда, ЖБО жабдық желісі арасындағы негізгі сервер сияқты. Бұл басқарманың қызметі бір минутқа да тоқтамайды. Күн сайын тоқтаусыз режимде ЖБО қызметкерлері мегаполистегі жедел жағдайдың жай-күйін бақылайды, құқық бұзушылықтар мен түрлі оқиғалар туралы хабарламаларға жедел ден қою жөніндегі қызметтер мен бөлімшелердің әрекеттерін үйлестіреді.
Алматы қаласының жедел басқару орталығы 2000 жылдың желтоқсанында құрылды және республикада астанадан кейінгі екінші болды. Нәтижесі, полицияның өз пікірі бойынша, бірден байқалды - жедел басқару орталығы жұмысының арқасында, «ізін суытпай» қылмыстың ашылу деңгейі күрт өсіп қана қоймай, сонымен қатар қоғамдық орындар мен көшелерде жасалған құқық бұзушылықтардың барлық түрлерін анықтау оңайырақ болды.
Орталықтың ғимараты - үлкен зал, оның қабырғаларының бірі толығымен теледидарлық мониторлардан тұрады, олар бейнені бейнебақылау камералары арқылы қабылдайды.
Қызметкердің жұмыс орны - компьютермен және қажетті байланыс құралдарымен жабдықталған кеңсе үстелі.
Айтпақшы, ЖБО-на кіру оңай емес. Оның әр қызметкерінің арнайы магниттік өткізгіші бар, кіру және шығу уақытпен белгіленеді, оны бөгде адамға беруге қатаң тыйым салынады.
Тұрақты негізде кіріс қоңырауларға уақтылы жауап беру және байланыс күтуді болдырмау тұрғысынан 102 операторларының қызметін жетілдіру бойынша шаралар қабылдануда.
Бүгінгі күні 14 оператор өз жұмыс орындарында келіп түскен қоңырауларға тәулік бойы жауап береді. Операторлар 2 ауысымда жұмыс істейді, бұл 102 пультіне қоңырау қабылдау үшін қызметкерлердің қажетті санын барынша қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
102 операторлары Алматы қаласының ПД Жедел басқару орталығында тәулігіне 2 мыңға жуық телефон қоңырауын өңдейді, орта есеппен алғанда бір оператор күніне 150 хабарлама қабылдайды.
2020 жылдың сегіз айында Жедел басқару орталығының 102 телефон нөміріне 431 мың 586 қоңырау түскен.
Нақты уақытта келіп түсетін шақыруларды қадағалауға және жұмыс істеп тұрған операторлардың бос еместігін бағалауға мүмкіндік беретін қосымша функционал орнату мақсатында 102 қызметі желісі бойынша бағдарламалық қамтамасыз ету кешендері пысықталып, енгізілді.
Қазіргі уақытта қала әкімдігі 101, 102, 103, 104, 109, 112 қызметтерін бірыңғай байланыс орталығына біріктіретін «Бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік қызмет (БКДҚ) - 112» жобасын іске асыру бойынша жұмыстар жүргізуде.
Ақпарат көзі: Алматы қаласының Полиция депарматенті