Қалалық жобаларды іске асыруды жүйелі мониторингтеу аясында АҚДО мониторингтік тобы Қазақстан Жазушылар одағы ғимаратын қайта жаңғырту нысанына кезекті шығу жүргізді.
Аралау мақсаты – құрылыс-монтаж жұмыстарының нақты орындалу барысын, бекітілген жұмыс кестелерінің сақталуын, сондай-ақ қайта жаңғыртудың негізгі кезеңдеріндегі орындалу сапасын бағалау.
Тексеру қорытындысы бойынша жекелеген жұмыс түрлері бойынша директивалық мерзімдерден кешеуілдеу фактілері тіркелді. Осыған байланысты мердігер ұйымға бұрын анықталған ескертулерді жою жұмыстарын жеделдету және өндіріс қарқынын күшейту жөнінде ұсынымдар берілді.
Мониторинг барысында құрылыс технологияларының сақталуына және ғимараттың конструктивтік элементтерінің жай-күйіне ерекше назар аударылды. Мамандар бірқатар шешімдерді түзету, сондай-ақ жекелеген тораптарды қолданыстағы нормативтік талаптарға сәйкестендіру қажеттігін атап өтті.
Сонымен қатар Алматы қаласының даму орталығының мониторингтік тобы тарапынан:
- объектідегі құрылыс персоналының санын жедел түрде арттыру;
- атқарылып жатқан жұмыстардың өзектілігін ескере отырып, құрылыс процесіне қатысушылар арасында ресурстарды қайта бөлу;
- басым бағыттарға назар аудара отырып, жұмыс өндірісінің кестесін өзектендіру
жөнінде ұсынымдар берілді.
Анықталған барлық мәселелер жұмыс сипатына ие және техникалық қадағалау мен жобалау ұйымдарымен бірлесіп пысықталу сатысында екені атап өтілді. Ескертулердің жойылуы мен мерзімдердің сақталуына бақылау тұрақты негізде жүзеге асырылатын болады.
Жүйелі мониторинг тәуекелдерді уақтылы анықтауға, басқарушылық шешімдер қабылдауға және қаланың мәдени инфрақұрылымын сақтау мен дамытуға бағытталған жобалардың тұрақты іске асырылуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
