Қаланы абаттандыру мен көгалдандыру жоспарларының онлайн таныстырылымы кезінде Алматы қаласы Жасыл экономика басқармасының басшысы Наталья Ливинская биыл саябақ аймақтарын қалыптастыру мен жоспарлау тәсілдері өзгертілгенін айтып, нақты жобаларға тоқталды. Жаңа қала құрылысының саясаты – қаланың әр ауданында дамыған орталықтарды қалыптастыру.
Түрксіб ауданындағы әуежай көлі
Н. Ливинская Түрксіб ауданында орналасқан әуежай көлін жайластыру жобасы туралы айтып берді.
«Былтыр қаланың бірегей активін жақсартудың бірінші кезеңі өтті, Желтоқсан паркі құрылды. Биыл Бұқтырма көшесі бойындағы көл жағалауын, тоғай мен сайды қоса, аумақты абаттандыруды жалғастырамыз», - деді ол. Саябақ құрылысы сәуір айының соңында басталады.
Алатау ауданындағы қоғамдық кеңістіктер
Қоғамдық кеңістіктердің тұтас желісі қалыптасты. Зерделі ықшамаудандағы саябақ аймағы жасыл дәліздің басы болмақ. Былтыр 42 га жерге 12 мың ағаш отырғызылды. Қазіргі уақытта саябақты абаттандыру жобасы жасалып жатыр.
Боралдай өзені бойындағы жаңа терренкур саябақ пен қарағай орманын байланыстырады. Бірегей табиғи ландшафты бар толыққанды демалыс аймағын құру ұсынылады.
«Біз алматылықтармен бірге қарағай орманында ауқымды ағаш егу шарасын өткіздік. Бұрынғы бос жерде 3 мыңнан астам қылқан жапырақты ағаш өседі. Былтыр аудан әкімдігі абаттандырудың 1-ші кезеңін өткізді, - деді ол – 63 га жерге бүкіл отбасы мүшелеріне арналған тынығу орнын жасау жоспарда бар, ағаш егу, ойын және спорт алаңдарын ұйымдастыру жалғаса береді».
Өжет ықшамауданында ауқымды жоба басталды. Көл айналасын абаттандыру жоспарланған.
Аумақтарға сараптама жүргізіліп, алғашқы тұжырымдама жасалған соң, әр тұрғынның пікірін ескеру үшін кездесулер өтеді. Желі құрылысы биыл басталады.
Жетісу ауданындағы қоғамдық кеңістіктер
Жетісу ауданының тұрғындары үшін жаңа демалыс орындары қалыптастырылады – Көкмайса және Кемел ықшамаудандарындағы 2 саябақ аймағы. Бұл жаңа саябақтар болады, ал қазір бұл қауіпті болғандықтан ешкім бармайтын, жұтаң орындар.
Мәселен, Есентай өзені бойында 17 га жасыл желек бар. Балалар мен спорт алаңдарын орнату, көл жасау үшін табиғи ландшафтты пайдалану қарастырылған. Табиғи ландшафт пен сол жердің өзіндік ерекшелігін көрсету үшін қосымша көгалдандыру жүргізіледі.
Кемел ықшамауданында барлығына – балалар, жасөспірімдер, ата-аналар және аға буынға арналған жайлы орын құру маңызды.
Саябақ аймақтарын салу биылға жоспарланған.
Үлкен Алматы каналы
«Оны қалпына келтіру бойынша үлкен жоспарымыз бар. Бүкіл каналды, оның көпірлері, гидротехникалық құрылыстары мен оның бойындағы жаяу жүргінші аймағы қалпына келтіріледі. Қауіпсіз жаяу жүргінші және велосипед жолдары 3 аймақты өзара біріктіреді. Маусымдық жағдайға қарамастан тұрғындар арасында ҮАК-ның танымалдығын арттыру өте маңызды – жазда да, қыста да демалуға, көктем мен күзде табиғи ландшафтыны бақылауға жағдай жасау», – деді Н. Ливинская.
Су қолжетімді болады. Қосымша көгалдандыру арқылы канал бойында бақтар құрылып, архитектуралық жарықтандыруды арқылы сол жердің ерекшелігі көрсетіледі.
Жоба жыл соңына дейін әзірленеді, алматылықтарды жұмыс сессияларына белсенді қатысуға шақырамыз.
Тұңғыш Президент саябағының - Үлкен Алматы - Сайран дәлізі
Тұңғыш Президент саябағы – саябақ ішіндегі және сыртындағы аумаққа талдау жүргізілді.
«Біз жобалауға байқау жарияладық. Бүкіл аумақты белсенді ету маңызды. 4 функционалды аймақ құрылды – демалыс аймағы, ойын алаңдары, отбасылық демалыс аймағы және саябақтың соңында тартылыс нүктесінің орталығы іспеттес көл болады. Біз саябақтың бастапқы эскизін тауып, енді оны қалпына келтіруді жоспарлап отырмыз, мысалы, көлден бастап бүкіл саябақ арқылы өтетін бұлақ. Жобалау осы жылдың соңына дейін аяқталады. Жобалауға ландшафтының халықаралық мамандары тартылған», - деді спикер.
Үлкен Алматы - қалада жасыл дәліз құруға назар аударылады. Қаланың маңызды активтерін байланыстыру үшін Үлкен Алматы өзенінің жағалауын абаттандыру жоспарланған. Тұңғыш Президент саябағынан бастап Сайранған дейін ұзындығы 7,5 км. Жобалау жыл соңына дейін аяқталады, бұл жобаны талқылау Сайран және Тұңғыш Президент саябағы жобаларымен бірге өткізіледі.
Сайран - тұрғындар үшін жаяу жүргінші аймақтарының қолжетімділігін ескеру, пайдаланушылардың қажеттіліктері үшін аймақтарды қосу және рекреациялық аймақтардың эстетикалық сұлулығын арттыру маңызды. Пайдаланушылар арасында жүргізілген алдын ала экпресс-сауалнамаға сәйкес, қаладағы локдауннан бастап келушілер саны едәуір өсті, тұрғындар спорт түрлері, белсенді-белсенді емес демалыс бойынша бөлініп, өздері үшін аймақтар құрып алды. Тұрғындардың тілек-пікірлерін жаз кезінде егжей-тегжейлі нақтылап, жыл соңына дейін жобаны толық аяқтау жоспарланып отыр.
Есентай және Кіші Алматы өзендерінің жағалауы
Есентай, Үлкен және Кіші Алматы өзендері қаланың солтүстік және оңтүстік бөлігін байланыстыратын жаяу жүргіншілер белдеуіне айнала алады.
Терренкур – былтыр өзен арнасын нығайту, өткізу қабілетін арттыру және үйлерді су басатын аймақтарды азайту, құрылысты қалпына келтіру жұмыстары басталды. Терренкурдегі басты міндет – бірегей табиғатты сақтау. Ол үшін бұталар мен ағаштар отырғызылды, биыл гүлдейтін өсімдіктерді қоса, егу жұмыстары жалғасады. Үйреншікті жерлерде спорт алаңдары пайда болады және қалада алғаш рет балалар спорт алаңы орнатылады. Жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жолдар бойында жасанды кедергілер жасалады, белгілер мен жарық орнатылады.
Есентай - абаттандыру кезінде тек экологиялық таза материалдар қолданылады – ағаштан жасалған ойын және спорт алаңдары.
Құрылыс жұмыстары былтыр басталған. Өзен арнасын табиғатқа зиян тимейтіндей етіп нығайту шешімдері табылды. 4 км құрылыс алдағы биылғы күзге дейін аяқталады. Тұрғындар үйінен тауға кедергісіз жету үшін жаяу жүргінші бөлігін Медеу саябағына дейін жеткізу жоспарланып отыр.
Бау-бақша кластері
Қалалық арборетум - спорт кешені алдындағы аумақта жаңа рекреациялық аймақ құру ұсынылды. Арборетум бірнеше бағыты біріктіреді - қала орталығындағы демалыс саябағы, 360° қала мен тау пейзажының көрінісі бар туристік дестинация, ол кәсіби қоғамдастықтардың тартылыс нүктесі мен тұрғындардың мақтанышына айналады.
Жобаның басты ерекшелігі – қазіргі төбе бедерін минималды әсермен пайдалану. Қазірде бар беткейлерді пайдалана отырып, жайлы инфрақұрылым құрылады, сирек кездесетін, Қызыл кітапқа енген өсімдіктерді қолдана отырып бірегей көгалдандыру жүзеге асырылады. Табиғи-рекреациялық кешен Алматының арнайы саяқтар жүйесіне кіріп, қала тұрғындары мен қонақтары демалыс өткізетін инфрақұрылымды толықтырады.
Арборетум пен Ботаникалық бақты байланыстыратын жаяу жүргіншілер көпірі – жоба қаланың жасыл каркасын қалыптастырудағы жаңа символға айналады. Көпір бақтың жалғасы болады. Ботаникалық бақтан Арборетумға дейінгі жүру маршруты конструктивті шешім арқасында шу қысымы төмен жаңа заманауи демалыс алаңдарын құруды көздейді. Көпірдің ұзындығы - 350 м, жаяу жүру жолы - 1 км жуық. Жаңа қоғамдық орындарды жобалау осы жылдың соңына дейін жоспарланған, келесі жылы іске асырылады.
Мәдени кластер
Байсейітова – қаланың тарихи орталығындағы басты жоба. Тұжырымдамалардың бірнеше нұсқасы таныстырылды, бірнеше әлеуметтік сауалнама жүргізілді. Жоба қала тұрғындары және белсенділерімен бірлесіп жасалды. Негізгі міндет – қала орталығының тарихи келбетін сақтау және қалпына келтіру.
«Біз скверлер мен «Неделька» фонтанының архивтік фотосуреттерін көрдік. Сол фотосуреттер арқылы орындықтарды, субұрқақтарды және басқа элементтерді қалпына келтіреміз. Аркалар мен фонтан үстіндегі люстралар, скверге кіре берістегі шамдар, субұрқақтар реставрацияланады. Байсейітова көшесін ұзарту, қала құрылысы осін қалпына келтіру жоспарлануда. Осылайша, көше Төле биден Сәтпаев көшесіне дейін абаттандырылады», - деді спикер.
Қастеев - музей аумағының микроклиматын жақсарту, кеңістікті кедергісіз орта қағидаттары бойынша ұйымдастыру мақсатында абаттандыру жобасына жаңа тәсілдерді енгізу арқылы заманауи рекреациялық аймақты құру; фонтанды көрнекі орынға айналдыру; фонтанның сорғы жүйесінің жұмыс принципін ауыстыру - түнде аумақты жарықтандыруды қамтамасыз ету үшін сарқырама ұйымдастыру.
Әуезов театры - фонтанның архитектуралық келбетін қалпына келтіру үшін – субұрқақ шарасын реставрациялау; тартымды аумақ пен сыртқы ортаны құру арқылы театрға келушілерді көбейту; театрдың өзіндік ерекшелігін көрсететін атмосфераны құру, келушілерге жайлы жағдай жасау: қоғамдық дәретханалар; субұрқақтар; ағаштарды, күркелерді ойластырып отырғызу; шөп, тротуар жабыны, қажетті траекторияларды қамтамасыз ету, пандустар, қалалық жиһаздар орнату, жарықтандыру.
Оқушылар сарайы - қалалық маңызы бар көпфункционалды рекреациялық кеңістік, балалар ойын алаңдарын орнату, ашық жасыл алаңды отбасылық пикниктер, ашық ойындар үшін пайдалануға болады, міндеттердің бірі – Теренкур жағалауымен байланыстыру, көгалдандыруды қалпына келтіру, сыртқы жиһаздарды ауыстыру және қосымша орындықтар, субұрқақ, көше шамдарын орнату.
Мемлекеттік мұражай - тарихи фонтанды қалпына келтіру, көгалдандыру, ғимараттың мәртебесіне сәйкес тартымды аумақ құру, алаңның адамдар үшін қолжетімділігін арттыру, отырып тынығатын демалыс аймақтарын тиімді ұйымдастыру, актив және пассив демалыс кеңістіктерін бөлу арқылы сквер ішіндегі әр түрлі демалысты ынталандыру.
«Біздің міндетіміз – аудандардың бірегейлігін айқындау, қауіпсіз, жайлы саябақтарды құру, ал біздің саясат – тұрғындар қажеттілігіне қарай әр аумақтың ерекшелігін көрсету. Әр жобада біз алматылықтармен бірге жұмыс жасаймыз», – деп атап өтті Наталья Ливинская.
Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметі