18 маусымда сараптама тобы урбанистика Орталығымен бірлесіп, »Алматы-шырайлы қала» жобасы бойынша авторлық арт-нысандарды орнату мақсатымен аумақты аралап шықты.
Жыл сайын Алматы қаласында қалалық ортаны декоративті безендіру жұмыстары жүргізіліп отырады. Қала келбеті үлкен мерекелерге және маусымдардың ауысуына байланысты өзгеріп тұрады.
Қаланың декоративті безендірілуі мәдени-коммуникативтік функцияны атқарады, әлеуметтік, тарихи, қалалық контекстік кеңістікпен диалог жүргізеді.
FUNK креативті агенттігі қала Әкімшілігіне қала тұрғындарын еліктіруге және қаланың құштар кәсіби манадарынан: дизайнерлер, сәулетшілер, суретшілер, урбанистер, мүсіншілердің декоративті безендіруге қатысты идеяларын қабылдауды ұсынды.
Алматы қаласын дамыту орталығының бас сәулетшісі, урбанист Зарина Дәулетқан: »Бұл бағдарламаның мақсаты - қаланы авторлық арт-нысандармен безендіре отырып, қоғамдық демалыс орындарын, кездесулер ұйымдастыруға ыңғайлы жерлер, тұрғындар мен қала қонақтарына арналған мәдени орталықтар құру. Қаланың белсенді тұрғындары, урбанистика Орталығының, туризм басқармасының, мәдениет басқармасының және басқа да саланың мамандарынан құралған сараптау тобы әр нысанды орналастыруға ыңғайлы алаңдарды шолып шықты. Мүсіндерді мағыналық маңызын жоғалтпайтындай етіп, үйлесімді және функционалды үйлесімділікпен орналастыру маңызды. Кейбір алаңдарға қатысты пікірлер бөлініп кетті, сондықтан қосымша талдау жүргізіліп, содан кейін жоба әкімдіктің бекітуіне тапсырылады. Орнату жұмыстары осы жазда жүргізіледі«.
Қазір »Алматы – шырайлы қала» жобасы айнала, мәдени құндылықтар, қаланың бірегейлігін қалыптастыру, пәндік, эстетикалық құралдар арқылы әлеуметтік мәселелерді анықтау және шешу міндетін қарастыратын 13 арт-нысаннан тұрады. Бұл - тұрғындар »қала құқығын өзіне қайтарып жатқан» қала ортасының қалыптасуының бір бөлігі болып табылады, ал оның сәйкестілігі көрнекі, көлемді, мәнерлі, көз толтырарлықтай болып келе жатыр.
Сараптамалық топ қатысушыларының бірі қазақстандық мүсінші Эдуард Казарян жобаның ерекшеліктерін атап өтті : « Мені қуантатыны орналастырылатын жұмыстар тақырыптық тұрғыда еркін. Олар абсолютті шығармашылық және »Алматы – шырайлы қала» фестивалінің жалпы идеясына ғана қатысты, ал бұл көптеген жұмыстар үшін оңтайлы болып табылады. Қалада шығармашылық нысандар көптеп көбейіп жатқаны жаныңа жайсаң етеді. Қала атмосферасы қала тұрғындарымен, қала қонақтарымен мұражайлы, галереялы атмосфера ретінде қабылдануы тиіс.. Қала атмосферасына құнтты және нәзік көзқараста болу керек . Мен ұсынған »Құс» және »Отбасы» мүсіндегі жұмыстар әралуан тәсілде таңбалы болып табылады«.