Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясында Алматы қаласы әкімінің орынбасары Мұхит Бақытұлы Әзірбаев пен Жайлы қалалық орта басқармасының басшысы Нұрашев Сапар Сейлханұлы әлеуметтік нысандардың құрылысы, білім берудің, спорт инфрақұрылымының, сондай-ақ денсаулық сақтау инфрақұрылымының қолжетімділігін дамыту туралы айтып берді

26.01.2022

Білімге қолжетімділік мәселелері бойынша:

Томирис, Қалқаман-2, және Саялы шағын аудандарында 5100 орындық 3 мектептің құрылысы 2021 жылда аяқталды.

Биыл бюджет есебінен Қалқаман-2, Нұркент, Мәдениет, Дархан, Қайрат шағын аудандарында 7500 орындық 5 мектептің құрылысы аяқталады, сондай-ақ №9, 48, 191 мектептерге жапсарлас 3 ғимараттың құрылысы аяқталады.

Сонымен қатар, Саялы және Зерделі ықшам аудандарында 1100 орындық 2 мектеп, сондай-ақ, 6 мектепке (№№ 59, 112, 148, 103, 65, 97) 2220 орындық қосымша құрылыс салу жоспарлануда.

Мектепке дейінгі білім беру нысандары бойынша 9 балабақшаның жобалық-сметалық құжаттамасын дайындау жұмыстары жүргізілуде, бұл Наурызбай ауданында 4 балабақша, Алатау ауданында 2 балабақша және Әуезов, Жетісу және Түрксіб аудандарында 1 балабақша.

5 жылға дейінгі кезеңде мектептер мен балабақшалардағы тапшылықты жабу жоспарлануда.

Алатау және Наурызбай аудандарында екі жаңа Оқушылар сарайының құрылысы басталды. Бұл нысандар қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыру, балалардың бос уақытын өткізу үшін қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді. Әрқайсысының қуаттылығы 675 адамды құрайды.

Спорттық инфрақұрылымды дамытуға қатысты:

2021 жылы бюджет қаражаты есебінен 3 дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынды. Айнабұлақ-2, Құлагер және Кемел аудандары). Бірінші жартыжылдықта Алатау ауданындағы зерделі шағын ауданында, Медеу ауданындағы Алатау шағын ауданында, Түрксіб ауданындағы Жас Қанат шағын ауданында тағы 3 дене шынықтыру-сауықтыру кешені іске қосылады. Аталған дене шынықтыру-сауықтыру кешендері үш түрге, үлкен, орта және кіші кешендерге бөлінеді. Оларға бару барлық жас санаттары үшін, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін қол жетімді болады.

Наурызбай, Әуезов, Алмалы және Түрксіб аудандарында 7 дене шынықтыру-сауықтыру кешендері жобалануда, олардың құрылысы жыл соңында басталады.

Алатау ауданында 14 кортқа арналған теннис орталығының құрылысы аяқталуда (4 жабық және 10 ашық).

Денсаулық сақтау инфрақұрылымының жоспарлары туралы:

Биыл жергілікті бюджет есебінен №1 балалар ауруханасының (Манас, 40) қабылдау бөлімшесінің, Кемел шағын ауданында 200 адам қабылдайтын және Мамыр шағын ауданында 100 адам қабылдайтын отбасылық-дәрігерлік амбулаторияның құрылысы, сондай-ақ Жетісу ауданында №11 емхананың сейсмотұрақтылығын күшейту аяқталады.

18 денсаулық сақтау нысанына жобалық-сметалық құжаттама әзірлеу аяқталуда. Олардың 15-і бойынша құрылыс – монтаж жұмыстары биыл, қалғандары бойынша 2023 жылы басталады.

Сондай-ақ Құлжа жолының оңтүстігіне қарай медициналық кластерді жобалау басталды, онда 250 төсектік онкологиялық орталығы бар көп бейінді аурухана, 250 төсектік ЖИТС орталығының бөлімшесі бар паллиативтік көмек орталығы және 150 орындық мүгедектерді оңалту орталығы, 200 орындық көп бейінді стационар және диагностикалық орталық салынады.

«Алматыдағы әлеуметтік маңызды нысандарды салу және қалпына келтіру барысы туралы» онлайн баспасөз конференциясына сілтеме.

      

 

 

Ақпарат көзі: Алматы қаласы жайлы қалалық орта басқармасы