Smart Almaty жобасы бойынша Тұжырымдаманы, Мастер-жоспарды әзірлеу барысы және күтілетін нәтижелер туралы

01.11.2016

111111

24 тамызда Алматы қаласын дамыту орталығы және ҚБТУ инжиниринг және ақпараттық технологиялар институты және IDC Central Europe консорциумы «Smart Almaty» жобасының тұжырымдамасын құру туралы шартқа қол қойды.

 

«SMART ALMATY» ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

«Smart Almaty» - бұл қаланың әрбір тіршілік саласына заманауи технологияларды енгізу  және дамыту жобасы. «Smart» сын есімі — қалаға қатысты »ақылды» дегеніміз, ең алдымен, »тұрақты«, "бәсекеге қабілетті«, "тиімді«, "өмір сүру ыңғайлығы» дегенді білдіреді.

 

ЖОБА АЯСЫНДА НЕ ОРЫНДАЛДЫ?

Белгіленген жоспарларға қол жеткізу үшін, шартқа қол қойылғаннан кейін, жобаны іске асыру кезеңдері әзірленді. Қыркүйек айында ҚБТУ және IDC Central Europe командасы жоспарлау және ұйымдастыру іс-шараларын аяқтады. Қазіргі уақытта  ақпараттық жүйелердің жетілуін және даму мүмкіндігін бағалау процес үстінде. Ақпараттық-коммуникативтік желілерді зерделеу кезінде кеңесшілер қаланың 80-нен астам ұйымдарының бизнес-үдерістері мен ақпараттық жүйелерін зерттейтін болады, олардың 52-сі қазірдің өзінде зерттеліп болды.

 

АРЫ ҚАРАЙ НЕ БОЛАДЫ?

Қараша айында технологиялық шешімдерді әзірлеу және бағалау жоспарлануда, сондай-ақ ,оларды енгізу мүмкіндігін талдануда . Тұжырымдаманы құрудың соңғы кезеңі әрбір бағыт бойынша жоба паспорттарын дайындау және техникалық-экономикалық есеп, бұл орайда консультанттар күтілетін әлеуметтік-экономикалық әсердің сипаттамасын, қаржыландыру тәсілдері мен құнын, енгізу мен сүйемелдеуге арналған шығындарды қамтуы тиіс.

Жүргізілген жұмыстардың нәтижелері бойынша »Ақылды қала«, "Ақылды көлік«, "Ақылды ТКШ«, "Қауіпсіз қала«, "Ақылды қызметтер«, "Денсаулық сақтау» және »Білім беру» басым бағыттары үшін шешімдерді қоса алғанда, «SmartAlmaty»жобаларын іске асыру бойынша ұсыныстар әзірленетін болады.

Нәтижесінде келісімшарт шеңберінде келесі құжаттар әзірленетін болады:

1. Қаланың қолданыстағы АТ-жүйелерінің жетілуі мен тиімділігін бағалаумен есеп беру;

2. Smart Almaty жобаларын жүзеге асырудың халықаралық тәжірибесін талдау есебі;

3. Қолданыстағы және ұсынылатын жүйелерді көрсете отырып, қаланың ақпараттық жүйелерінің эталондық сәулеті;

4. Жобаларды жүзеге асыру мерзімі көрсетілген Smart Almaty жобасының Мастер-жоспары;

5. Қаржы-экономикалық модельдері және басқару әдістемелерімен жобалар паспорттары.

Тұжырымдаманы әзірлеп бітіру мерзімі – 2016 жылдың 21 желтоқсанына жоспарланған.

«Ақылды қала» жобасын әлемнің 20 қаласы мысалында сәтті іске асырудың халықаралық тәжірибесін зерттеу туралы келесі мақаладан оқи аласыз. Сұрақтарыңыз бен ұсыныстарыңыз болса, smartalmaty@cda.kz электрондық поштаға жіберуіңізге болады.