Image
Алматы қаласы әкімінің орынбасары

Өсеров Ілияс Ерікұлы

2017 жылдың қыркүйегінен бастап Алматы қаласы Стратегия және бюджет басқармасының басшысы қызметін атқарды. Бұрын Алматы қаласы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары болған. Еңбек жолын «Сбербанк» АҚ ЕБ несие әкімшілігі бөлімінде бастады. ҚР Экономикалық даму және сауда министрлігінде, ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінде түрлі лауазымдар атқарды. ҚР Бас прокуратурасы жанындағы материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының басшысы болған. 2019 жылғы  27 мамырдан бастап Алматы қаласы әкімінің орынбасары. Алматы қаласы әкімінің орынбасары қызметінде стратегия және бюджет, мемлекеттік активтер, туристік қызмет, цифрландыру саласындағы мәселелерді үйлестіреді. 

2019 жылғы 28 мамырда «Алматы қаласын дамыту орталығы» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі болып сайланды