
Қожахмет Қанат Темірғалыұлы
Директорлар Кеңесінің мүшесі (2025 жылғы 04 желтоқсанда сайланған)
1985 жылғы 15 ақпанда туылған
Білімі: Демирел атындағы Университет, «Ақпаратты өңдеу және басқарудың компьютерлік жүйелері» мамандығы (2008). Қазақстан-Британ техникалық университеті, «Ақпараттық жүйелер» мамандығы (магистратура) (2009), Информатика, есептеу техникасы және басқару мамандығы бойынша PhD докторы дәрежесі бар (2014).
Жұмыс тәжірибесі:
2024 жылғы маусымнан бастап – қазіргі уақытқа дейін Нархоз Университетінің Басқарма Төрағасы – Президенті
2022 ж. – 2024 ж. маусым аралығы – Skillset цифрлық технологиялар мектебінің негізін қалаушы
2021 – 2022 жж. – Нархоз Университетінің Провосты
2020 – 2021 жж. – Қауымдастырылған Профессор, Нархоз Университетінің ІТ факультетін ашу жөніндегі Кеңесші
2020 ж. сәуір – 2020 ж. қыркүйек аралығы – Ашық Университеттің (OpenU) Ректоры
2019 – 2020 жж. – Астана IT Университетінің Ректоры
2017 – 2019 жж. – Сүлеймен Демирел атындағы Университеттің Ректоры
2017 ж. – «Alldiscount» ЖШС Бас директоры
2016 ж. – RESMI компаниялар тобының Техникалық директоры (бас менеджері)
2016 – 2017 жж. – Қ.И. Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық зерттеу техникалық университетінің «Компьютерлік бағдарламалық және инженерия» кафедрасының қауымдастырылған Профессоры
2015 – 2016 жж. – Қазақстан-Британ техникалық университеті, Ақпараттық технологиялар факультетінің Ассистент-профессоры, Магистрлік бағдарламалар секторының меңгерушісі
2014 – 2015 жж. – Қазақстан-Британ техникалық университетінің Ақпараттық технологиялар факультеті Деканының орынбасары, Сениор-лектор
2011 – 2014 жж. – «Alldiscount» ЖШС Директоры
2010 – 2014 жж. – Қазақстан-Британ техникалық университеті, Ақпараттық технологиялар факультетінің Сениор-лекторы
2008 – 2010 жж. – Қазақстан-Британ техникалық университеті, Ақпараттық технологиялар факультетінің Лекторы
2003 – 2007 жж. – Сүлеймен Демирел атындағы Университеттің Студенттік кеңесінің Президенті
