Image
Алматы қаласы әкімінің орынбасары

Бабақұмаров Ержан Жалбақұлы

1996 жылдан бастап мемлекеттік қызметте. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ақпараттық-талдау орталығының жетекшісі, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесі басшысының орынбасары, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы ОКҚ директоры болды. Мәдениет және ақпарат министрлігінде жауапты хатшы, вице-министр қызметін атқарды. Соңғы жұмыс орны  Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Талдау және болжау орталығының басшысы. 2019 жылғы 9 шілдеден бастап Алматы қаласы әкімінің орынбасары. Алматы қаласы әкімінің орынбасары қызметінде қоғамдық даму, білім, мәдениет, спорт, қоғамдық денсаулық, қаланың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мәселелерді үйлестіреді. 

2019 жылғы 26 шілдеде «Алматы қаласын дамыту орталығы» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі болып сайланды.