
Қайыров Нұртас Бауыржанұлы
1979 жылғы 9 мамырда Алматы қаласында дүниеге келген.
Екі жоғары білімі бар, Қазақ мемлекеттік басқару академиясын «экономист» мамандығы бойынша, сондай-ақ Алматы үздіксіз білім беру университетін «заңгер» мамандығы бойынша үздік бітірген.
Еңбек жолын 2002 жылы бастады. Квазимемлекеттік секторда да, мемлекеттік қызметте де түрлі лауазымдар атқарған.
Атап айтқанда, ҚР Статистика агенттігінің «Ақпараттық есептеу орталығы» РМК, Экономикалық даму және сауда министрлігі жанындағы «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ, «Қазақстанның инвестициялық қоры», «Алматы қаласын дамыту орталығы» АҚ және басқа да ұйымдарда жұмыс істеді.
Соңғы лауазымы – Алматы қаласы Стратегия және бюджет басқармасының басшысы.
Директорлар кеңесінің шешімі негізінде (2020 жылғы 16 маусымдағы №5 хаттама) «Алматы қаласын дамыту орталығы» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары – Басқарма мүшесі.