Image
Басқарма төрағасының орынбасары

Габдуллина Жанар Муратовна

Директорлар кеңесінің 2022 жылдың 15 тамызындағы шешімімен «Алматы қаласын дамыту орталығы» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары – Басқарма мүшесі болып тағайындалды.

«Алматы қаласын дамыту орталығы» АҚ-на тағайындалғанға дейін 2021 жылдың мамырынан 2022 жылдың тамызына дейін «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ Стратегиялық даму және халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры қызметін атқарды.

Оның мемлекеттік қызметте және корпоративтік басқару саласында 14 жылдан астам тәжірибесі бар.

Атырау облысы әкімдігінің басқармаларында мемлекеттік қызметте жұмыс істеді, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің басқарма басшысы ретінде орталық аппаратқа ауысты, халықаралық қаржы ұйымдарымен және ЭЫДҰ-мен өзара іс-қимыл мәселелеріне жетекшілік етті.

2019-2022 жылдары «Qaztech Ventures» АҚ және «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ департамент директоры қызметтерін атқарды.

Ноттингем университетінде (Ұлыбритания, «Болашақ» бағдарламасы) мемлекеттік саясат бойынша магистр дәрежесін алды. Сондай-ақ Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша бакалавр дәрежесі және Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің құқықтану бакалавры дәрежесі бар.