Image
Басқарма төрағасының орынбасары

Ахметжаров Слямжар Берікбекұлы

Сләмжар Берікбекұлы Ахметжаров – Назарбаев Университетінің мемлекеттік саясат саласындағы PhD докторы.

Мемлекеттік басқару, стратегиялық талдау және жобаларды жүзеге асыру салаларында 10 жылдан астам кәсіби жұмыс тәжірибесі бар. Әр жылдары Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігінде, Ұлттық экономика министрлігінде, ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтында, сондай-ақ жеке секторда қызмет атқарған.

2025 жылғы қазанда Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен еңбектегі жетістіктері үшін «Ерен еңбегі үшін» медалімен наградталды. 

Директорлар кеңесінің 2026 жылғы 29 мамырдағы шешімімен «Алматы қаласын дамыту орталығы» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары - Басқарма мүшесі болып тағайындалды.

ТӨРАҒА БЛОГЫ