Ерте қолдау кезеңінен бастап, жұмыспен қамтуға дейін: Алматы қаласында тиімді инклюзия жүйесін қалыптастыру мәселесі талқыланбақ

23.04.2026

28 сәуір күні Алматыда «Инклюзия – заманауи қоғамның құндылығы» атты конференция өтеді. Іс-шара Narxoz Business School алаңында (Медеу залы) сағат 12:00-де басталады. Маңызды тақырып талқылауын Алматы қаласын дамыту орталығы қалалық әкімдік қолдауымен ұйымдастыруда.

 

Конференцияда инклюзияны әртүрлі бағыттағы бастамалардан біртұтас, жұмыс істейтін жүйеге айналдыру жолдары талқыланады. Негізгі назар ерте қолдаудан бастап, білім алу, жұмыспен қамту және қала өміріне толық қатысуға дейінгі үздіксіз шараларға аударылады.
Шара барысында сарапшылардың баяндамалары тыңдалып, мемлекеттік органдар, қоғамдық ұйымдар және кәсіби қауымдастық өкілдерінің қатысуымен панельдік талқылау өтеді. Қатысушылардың ұсыныстарын жинап, кейін нақты шешімдер жүйесін әзірлеу де көзделген.

 

Қатысу үшін өтінімді келесі электрондық поштаға жолдау қажет: press@almatydc.kz

ТӨРАҒА БЛОГЫ