01.07.2026

Мерзімі өткен дәрілік препараттарды тұрмыстық қоқыспен бірге тастауға болмайды. Себебі олар қоқыс полигондарына түскен жағдайда топырақ пен жер асты суларына зиян келтіріп, құрамындағы белсенді химиялық заттар қоршаған ортаға теріс әсер етуі мүмкін.

Осы экологиялық мәселені шешу мақсатында Алматы қаласында «Жасыл Алматы» ГРБН басшысы Евгений Мұхамеджановтың бастамасымен мерзімі өткен дәрілік заттарды қауіпсіз жинау жүйесі іске асырылуда.

Соңғы бір жыл ішінде ECO Network желісі 1 171 килограмм мерзімі өткен дәрілік препараттарды жинады. Қазіргі таңда қалада 38 қабылдау пункті жұмыс істейді, оның 36-сы қалалық емханаларда орналасқан, бұл тұрғындарға дәрілерді қауіпсіз тапсыруға қолайлы мүмкіндік береді.

Жиналған барлық дәрілік препараттар экологиялық талаптарға сәйкес қауіпсіз кәдеге жарату үшін лицензияланған «Аклер Групп» ЖШС-не тапсырылады.

Медициналық қалдықтарды бөлек жинау жүйесін дамыту қоршаған ортаны қорғауға, экологиялық қауіптерді азайтуға және тұрғындардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.

ТӨРАҒАНЫҢ БЛОГЫ