20.07.2026

Алматы қаласын дамыту орталығында TSIH New Energy Corporation Ltd. өкілдерімен жұмыс кездесуі өтті. Бес елде өкілдігі бар халықаралық ұйым жасыл энергетикаға инвестиция тартып, жаңа технологияларды енгізумен және сала мамандарын даярлаумен айналысады.

TSIH Алматыда тұрғын үйлердің, әлеуметтік және коммерциялық нысандардың шатырларына күн панельдерін орнатуға қызығушылық білдірді. Бастаманың тиімділігін анықтау үшін қаланың электр энергиясы мен су тұтынуына қатысты деректер зерделенбек.

Келіссөз барысында инфрақұрылым мен қоршаған ортаны бақылауға арналған ауыр дрондарды Қазақстанда құрастыру және олардың операторларын Азаматтық авиация академиясымен бірге оқыту ұсынылды. Жаңартылатын энергетика инженерлерін даярлайтын техникалық бағдарламаларды іске қосу мүмкіндігі де қарастырылды.

Тараптар аталған бастамаларды бірлесіп пысықтауға уағдаласты. Алматы қаласын дамыту орталығы TSIH-тің әкімдікпен, техникалық жоғары оқу орындарымен және салалық ұйымдармен байланыс орнатуына қолдау көрсетпек.

ТӨРАҒАНЫҢ БЛОГЫ