Талип Ержан Еркінұлы

Талип Ержан Еркінұлы
2014 жылы Ухань қаласындағы (ҚХР) Хуачжун ғылым және технология университетін «Менеджмент» мамандығы бойынша бітірген. 2016 жылы Ресей халықтар достығы университетінде «Құқықтану» мамандығы бойынша магистр дәрежесін алды.
Жеке және квазимемлекеттік секторларда, сондай-ақ мемлекеттік қызметте 11 жылдан астам кәсіби тәжірибесі бар.
Инвестициялар тарту, экономикалық талдау және жобаларды сүйемелдеу саласында мол тәжірибеге ие. Әр жылдары «Turkistan Invest» өңірлік инвестициялар тарту және экспортты дамыту агенттігі» ЖШС-де басшылық қызметтерді, сондай-ақ «Zhambyl Invest» ЖШС басқарма төрағасы лауазымын атқарды.
2026 жылғы шілдеден 2026 жылғы қарашаға дейін Жамбыл облысы әкімдігінің туризм және инвестициялар басқармасының басшысы қызметін атқарды.
Директорлар кеңесінің 2026 жылғы 13 қарашадағы шешімімен «Алматы қаласын дамыту орталығы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары — басқарма мүшесі болып тағайындалды.

