Жұмыс комиссиясы «Алматы жылу желілері» ЖШС техникалық жағдайына тексеру жүргізді

07.12.2022

Алматы қаласы Энергетика және сумен жабдықтау басқармасы жұмыс комиссиясының құрамында »Алматы жылу желілері»ЖШС техникалық жай-күйіне тексеру жүргізді. Жұмыс комиссиясының құрамына Алматы қаласы Қала құрылысын бақылау және коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы, сондай-ақ атом энергетикалық қадағалау комитетінің аумақтық департаменті кірді.

«Алматы жылу желілері» ЖШС алматылықтардың үйлеріне жылу мен ыстық судың үздіксіз берілуін қамтамасыз ететін Алматы қаласының жылу-энергетикалық кешенінің негізгі объектілерінің бірі болып табылады. Тексеру барысында авариялық тауарлық-материалдық қорлар, қаланың сорғы станцияларының жұмысқа қабілеттілігі, авариялық бригадалардың жарақтандырылуы қайта тексерілді.

Сондай-ақ, жұмыс комиссиясы »Алматы жылу желілері» ЖШС бригадасы жүргізетін жөндеу жұмыстарының барысын Сайран ш/а, 2ү. мекенжай бойынша тексерді. 11 сағат 40 минутта диаметрі 76 мм құбырдағы зақым анықталды, бұл осы учаскеде соңғы 5 жылда бірінші болып табылады. Тарату жылу желісін жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін 4 бірлік мамандандырылған техника мен жеке құрамның 6 адамы тартылды. Жұмыс сағат 14:15-те аяқталды, жылу энергиясы мен ыстық су толық көлемде қалпына келтірілді.

 

 

 

Ақпарат көзі: Алматы қаласы Энергетика және сумен жабдықтау басқармасы