1 наурыздан бастап Қазақстанда «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» заң күшіне енді.
Заңда жануарға қатыгездік деп жануардың өлуіне, жарақаттануына немесе денсаулығына өзге де зиян келтіруге әкеп соқтырған немесе соқтыруы мүмкін қасақана әрекетті айтады.
Жануарларды ұстау/асырау кезінде мына нәрселерге тыйым салынады:
- жануарды ұрып-соғу, азаптау, оның ішінде аштық, шөлдеу және жануардың өлуіне, жарақаттануына немесе денсаулығына өзге де зиян келтіруге әкеп соққан немесе әкеп соғуы мүмкін әрекеттер мен жануарларды бөлшектеу, өртеу, суға бату, тұншықтыру, сою жолымен басқа да зорлық-зомбылық әрекеттері;
- ауруды басатын немесе жансыздандыратын дәрілерді қолдану жануардың денсаулығына зиян келтіруі мүмкін жағдайларды қоспағанда, тиісті құралдарды ауырсынуды басатын немесе анестезияны қолдану көрсетілген жануарларға ветеринариялық және басқа да іс-шараларды жүргізу;
- қызметтік міндеттерін орындаумен немесе аң аулаумен байланысты емес мақсаттарда бұзақылық ниетпен жануарларды адамға қарай бағыттау;
- жануарлар иелерінің немесе жауапты тұлғалардың жануарларды немесе олардың төлдерін жануарларды паналайтын орындарға орналастырмайынша немесе басқа заңды жолмен иеліктен шығарғанға дейін күтіп-бағу жөніндегі міндеттерін орындаудан бас тартуы;
- көмектуге мүмкiндiгi бола тұра өмiрi мен денсаулығына қауiп төнген жануарға жануардың иесiнiң немесе жауапты адамның көмек көрсетпеуі;
- жануарлар жекпе-жегін ұйымдастыру және өткізу;
- жануарлар қатысатын ұлттық спорт түрлері бойынша спорттық іс-шараларды қоспағанда, жануардың жарақаттануына немесе денсаулығына өзге де зиян келтіретін немесе жануарлардың өлуіне әкелетін ойын-сауық іс-шараларын ұйымдастыру және өткізу;
- малдың жарақаттануына немесе денсаулығына өзге де зиян келтіретін немесе жануардың өлуіне әкелетін құралдарды пайдалану;
- иттер мен мысықтардың жүнін алуды қоспағанда, иттер мен мысықтарды өсіру, ұстау, оларды жеу үшін пайдалану, сою немесе жарақаттау немесе денсаулыққа өзге де зиян келтіру арқылы осы жануарлардан өнімдер мен шикізат алу;
- ветеринар емес адамның эвтаназия жасауы;
- ғылыми мақсатта будандастыруды қоспағанда, үй және жабайы жануарларды будандастыру.
Жануарларға қатыгездік жасағаны және соған шақырғаны үшін қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік күшейтілді.
Мысалы, Қылмыстық кодекстің 316-бабында жануарға зиян келтіретін қатыгездік жасаған адамға 120 АЕК (367 560 теңге) мөлшерінде айыппұл салу, 120 сағатқа қоғамдық жұмыстарға тарту немесе 30 тәулікке дейін қамауға алу көзделген.
Қатыгездік нәтижесінде жануар өлсе, онда мұндай әрекет үшін 200 АЕК (612 600 теңге) мөлшерінде айыппұл салу, 200 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тартуға, бір жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып онсыз 50 тәулiкке дейiнгi мерзiмге қамауға алу жазасы бар.
Қылмыстық әрекет белгілерінсіз жануарларға қатыгездік жасаған жағдайда әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Бұл жағдайда жеке тұлғаларға 5 АЕК (15 315 теңге), лауазымды тұлғаларға 10 АЕК (30 630 теңге) көлемінде айыппұл салынады.
Қайталанатын әрекеттер үшін айыппұл төрт есеге көбейеді.
Заң мынадай принциптерге негізделген:
- жануарларға ауру мен физикалық азапты сезетін тіршілік иесі ретінде қарау;
- иесінің жануардың өмірі, денсаулығы және амандығы үшін жеке жауапкершілігі;
- жануарға қатыгездікпен қараудан қорғау;
- адамдарды жануарларға адамгершілікпен қарауға тәрбиелеу.
Дереккөз: Zakon.kz