15.05.2018

WhatsApp Image 2018 05 14 at 15.16.59

Алматы қаласын дамыту орталығының, мемлекеттік органдардың мамандары және қоғам өкілдері мастер-жоспарлар әзірлеудегі, қалалық бюджетті жоспарлаудағы, цифрландырудағы Британдық әріптестерінің тәжірибесін зерделеуде. Сапар барысында сарапшылар тұрақты қалалық ортаны құруға, үкіметтің сандық платформасын әзірлеуге, инновациялық урбанистика, көлік, энергия және қоршаған орта, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамтамасыз ету салаларындағы жобаларды дамытуға бағытталған - Digital Greenwich, Future Cities Catapult, City Verve, Future City Glasgow, IGLOO Regeneration секілді бірқатар жобалармен танысу мақсатында Лондон, Манчестер және Глазго қалаларына барады.

Сапар аясында қала мэрлерімен, Қалалық кеңес, мемлекеттік қаржыландыру Департаментінің өкілдерімен, Шотландияның Сәулеттік дизайн басшысымен, бизнес-инкубаторларды дамытудағы білім беру мекемелерінің рөлін зерттеуге арналған университет басшыларымен бірқатар кездесулер өткізіледі. Сондай-ақ, Алматыдан шыққан жұмыс тобы, ақылды қаланы дамытуға бағытталған адамдық фактор мен әлеуметтік цифрлық инновацияларға шолу жасау мақсатымен, «NESTA» инновациялық қорының кеңсесіне жол салады.

Екі жақты қарым-қатынастардың даму тарихынан.

2017 жылдың наурыз айынан бастап Британдық кеңес, Алматы қаласының әкімдігі, Қазақстан-Британ техникалық университеті мен АДО бірлескен үш жылдық WeAlmaty жобасын жүзеге асыруда. Жобаның алғашқы жылында Смарт Сити тұжырымдамасы бойынша іс-шаралар өткізілді. Ағымдағы жылы қала құрылысын жоспарлауға, соның ішінде Мастер-жоспар тұжырымдамасын әзірлеуге баса назар аударылады. Жыл бойы сәулет бюросының сарапшылары тартылып, үздік тәжірибелермен алмасу бойынша жұмыстар ұйымдастырылады.