Алматы қаласы әкімдігінің Қоғамдық қабылдау бөлмесінде энергетика және коммуналдық шаруашылық Басқармасының қызметкерлерімен тұрғындардың кездесуі өтті. Күн тәртібінде иесіз желілерді сенімді басқаруға тапсыру және »АлматыЭнергоСбыт» ЖШС-інде жеке есеп шоттар ашу сияқты тақырыптар қозғалды.
Кездесуде өткізілген пікірталастар қызу және мазмұнды сипатта талқыланды. Жетісу ауданының Жұмабаев және Бурундай көшелерінің тұрғындары көп жылдар бойы шешімі табылмай жүрген электр энергиясы, сумен жабдықтау, кәріз және басқа да мәселелерді ортаға салды. Өткізу департаментінің директоры Владимир Назаровпен әңгімелесу барысында барлық тұрғындардың жеке есеп-шоттары бар екені анықталды, бірақ энергиямен жабдықтау сапасы, әсіресе қыс мезгілінде, азап шектіретіні анықталды.

Бұл жағдайды энергетика және коммуналдық шаруашылық Басқармасы басшысы орынбасарының міндетін атқарушы Ерболат Аманғалиев түсіндірді: »Бүгінгі таңда,мәжбүрлі түрде түгендеу жүргізілген, иесіз желілердің тізімі бар. Біз, аталған желілердің жағдайы қандай және кімнің теңгерімінде екенін, егер олар иесіз болса және ол туралы сот шешімі болса, онда әкімнің тапсырмасы бойынша, пайдаланушы ұйымға берілетін болады. Бірнеше жыл бұрын мұндай мәселелерді шешу заңнамалық деңгейде болған жоқ және желілер жөндеусіз теңгерімге қабылданбаған. Бірақ қазір заңнама нормалары өзгерді және барлық желілер »Алатау Жарық Компаниясы» АҚ-на беріледі. Сонымен қатар, көптеген бұрынғы бау-бақша серіктестіктерінде қайта жөндеу жұмыстары жүргізілді«.
Мамандар тұрғындарға сондай-ақ, басқа да салалардағы мәселелер бойынша кеңес берді, одан кейін Open Almaty қызметкерлері келгендердің үндеулері бойынша өтініштерді тіркеуге алды.