14.06.2018

DSC08703 min

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Айгүл Соловьева бастаған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын сыртқы талдаудың Республикалық мониторингтік тобы қызмет сапарымен Алматыға келді. Жұмыс сапарының жоспарына сәйкес, мониторинг тобы Алматы қаласы әкімдігінің «OpenAlmaty» қоғамдық қабылдау бөлмесінде болды. Кездесу барысында Басқарма төрағасының орынбасары - «Open Almaty» басшысы Жанна Асанова орталықтың негізгі қызметі туралы, Қоғамдық қабылдау бөлмесінде ұсынылған мемлекеттік органдар туралы айтып берді.

Кездесуде бүгінгі таңда маңызды болып табылатын, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру сияқты мәселелер талқыланды. Қонақтар медиаторлармен жақсы тіл табысып кетті. Медиаторлар - бұл OpenAlmaty төңірегіндегі қызметтері тегін берілетін азаматтар, тараптар арасындағы жанжалдарды реттейтін кәсіби делдалдар.

DSC08597 min

«OpenAlmaty» жобасы - халықтың игілігі үшін жұмыс істейді. Мұнда өте ыңғайлы және қолайлы. Балабақшаға жолдама алу, бір мектептен екіншісіне ауысу, бірінші сыныпқа түсу сияқты көптеген қызметтер автоматтандырылған. Шағымдар кітабы бар, онда көбісі жағымды піріклер, бірақ жағымсыз пікірлер де бар, әлбетте ондай пікірлер бойынша шаралар қолданылды. Біз білім және сәулет бойынша презентацияларды көріп шықтық. Сәулет саласында көптеген жұмыстар атқарылған, қала картасына коммуникация жүргізуге дейін барлығы дерлік енгізілген. Осының барлығы жемқорлық деңгейін төмендету үшін жасалып отыр«, - деді мониторинг тобының төрағасы Айгүл Соловьева.

Қоғамдық қабылдау бөлмесінен шыққаннан кейін мониторинг тобы Smart Point коворкингіне барып, онда олар ақпараттық технологиялар саласында жұмыс істейтін компаниялардың қызметімен танысты. Мұнда 40-қа жуық компания жұмыс істейді және қолайлылық үшін коворкинг тәулігіне 24 сағат, аптасына жеті күн жұмыс істейді. Сондай-ақ мұнда келіссөздер өткізу бөлмелері, спорт залы бар.

DSC08647 min